Зайсан көлінде жергілікті тұрғындар 1968 жылы туған екінші балықшының денесін тапты, деп хабарлайды F16.kz.
Іздеуге сүңгуірлер, құтқару қайықтары, суасты аспаптары, ұшқышсыз ұшу аппараттары және жергілікті тұрғындар қатысты.
Іздеу жұмыстары кезінде ТЖМ сүңгуірлері барлығы 8 сүңгу жасаған.
Оқиға орнында құтқару бөлімшелерінің жұмысын үйлестіретін ТЖД жедел штабы орналастырылды. Іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілді, — делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.




