Биылғы қаңтар айында көпбалалы отбасылар мен марапатталған аналарға жалпы сомасы 56,5 млрд теңге көлемінде қаражат берілді. Мемлекеттік жәрдемақы 875,2 мың адамға төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz
Жәрдемақы кірістеріне қарамастан, бірге тұратын төрт немесе одан көп кәмелетке толмаған баласы, не болмаса 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенті бар көпбалалы отбасыларға беріледі.
Төлемдер қалай бөлінеді:
- Көпбалалы отбасыларға – 49,2 млрд теңге (627,4 мың отбасы)
- Марапатталған аналарға – 7,3 млрд теңге (247,8 мың адам)
2026 жылы көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы мөлшері:
- 4 балаға – 69 330 тг
- 5 балаға – 86 673 тг
- 6 балаға – 104 017 тг
- 7 балаға – 121 360 тг
- 8 және одан көп балаға – әр балаға 17 300 тг
Марапатталған аналарға төленетін төлемдер:
- «Күміс алқа» – 27 680 тг
- «Алтын алқа» және «Батыр ана» – 32 005 тг
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық балаларға арналған жәрдемақылар 10%-ға өсті.




