Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында бүгін де оқушылар онлайн оқып жатыр. Облыс аумағында ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеді, деп хабарлайды F16.kz.
Катонқарағай ауданында сынап бағанасы -34-35 градус, Алтай ауданында -28-35 градус, Марқакөл ауданында -30 градус, Ұлан ауданында -28-32 градус, ал Риддерде -26,6 градусқа дейін төмендеді. Осыған байланысты оқушылар онлайн оқыту форматына көшірілді.




