Ашық есік күнінде тексерілуге келген 12 адамнан адамнан онкологиялық ауру анықталды, деп хабарлайды F16.kz.
Медицина мекемесіне шамамен 200-ге жуық адам келген.
Тегін қабылдау барысында 12 адамнан онкологиялық ауру анықталды, 6 адамда обыралды жағдай тіркелді, қосымша тексеру мен емдеуді қажет ететін 86 түрлі ауру анықталды, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 14 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мақсатында ашық есік күні өткен.




