Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жұмыс сапары аясында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Өскемен титан-магний комбинатында болып, еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлайды F16.kz.

Кездесулерде жаңа Конституция аясында жүргізілетін реформалар тілге тиек болды. Өңірдегі алпауыт өнеркәсіп кәсіпорыны — Өскемен титан магний комбинатының жұмысшылары жаңа Конституция жобасындағы тікелей еңбек адамына қатысты баптарға тоқталды. Цех шебері Антон Шацкий жаңа Ата заң жобасында мемлекет қарапайым адам өміріне, оның шынайы қажеттіліктеріне ерекше назар аударғанын атап өтті. Негізгі құжатта еліміздің ең жоғары құндылығы адам, оның өмірі, құқығы мен еркіндігі деп анық көрсетілген. Өндіріс орындарында істейтін жұмысшыларға жаңа Конституцияда еңбек етуге, қауіпсіз еңбек жағдайына және әлеуметтік қорғауға кепілдік берілгендігі аса маңызды.
Сонымен қатар Сенат төрағасы жұмыс сапары аясында Лу Бань шеберханасы базасындағы «Автомобильдердің SMART-технологиясы» зертханасының қызметімен танысып, жаңа Конституция бойынша жүргізіліп жатқан реформаларды талқылады.




