F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Аида Балаева: Мемлекет басшысы халықтың әр ұсынысын жеке өзі қарады

F16 F16
02.03.2026, 14:50
Жаңалықтар, Заң, Қоғам, Өскемен
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Өскеменде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы өкілдері шығармашыл-ғылыми және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, сонымен қатар жастармен кездесті.

Жиын жаңа Конституция жобасына және 15 наурызда өтетін республикалық референдумға арналды. Үкімет басшысының орынбасары жаңа Ата заң жекелеген өзгерістерді емес, еліміздің одан әрі даму жолын стратегиялық тұрғыда айқындайтынын ерекше атап өтті.

Бүгін біз жаңа Конституция жобасын талқылай отырып, тек түзетулер жайында айтып отырған жоқпыз. Біреулер айтқандай, ескіні жаңамен алмастырып жатқан да жоқпыз. Қандай да бір құқықтық немесе моральдық құндылықтардың қажеттілігі туралы да пікір таластырып отырғанымыз жоқ. Біріншіден, әңгіме – ел дамуының бағытын түбегейлі өзгертетін ауқымды өзгерістер туралы. Екіншіден, тәуелсіздігімізді ең биік құндылық ретінде айқындайтын ұлттық құндылықтарымыздың мәңгілігі жайында сөз болып отыр. Енді біз оны жай ғана қастерлеп қоймай, нық әрі сенімді түрде қорғаймыз. Үшіншіден, жан-дүниесі таза, ой-өрісі жоғары, әлемдік бәсекеге қабілетті қазақстандық жаңа буын туралы айтып отырмыз. Олардың құқықтары мен бостандықтары цифрлық дәуірде ғылым, мәдениет және инновация құндылықтарымен нығая түседі. Сонымен қатар, ұлттың қазіргі жаһандық дамудағы орны мен рөлін қайта пайымдау маңызды. Бұл тағдыршешті кезең халқымыздың мыңжылдық тарихындағы сабақтастықты сақтап, жаңа дәуірге жол ашады, – деді Аида Балаева.

Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары жаңа Конституция жобасының тұжырымдамасы Президенттің жүйелі әрі жан-жақты ойластырған бастамаларынан тұратынын атап өтті.

Жаңа Конституцияның тұжырымдамасы Президенттің «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» сияқты тұжырымдамалардан тұрады. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлын елдің Ата заңының басты авторы деп атауға толық негіз бар. Мемлекет басшысы халықтан түскен әрбір ұсынысты жеке өзі қарап, сын-ескертпелерді де назардан тыс қалдырмай, жан-жақты саралап отырды. Сол себепті Конституциядағы көптеген қағидатты өзгерістер оның бастамасымен әзірленіп, Конституциялық комиссияның қарауына ұсынылды, – деп атап өтті А.Балаева.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жаңа Конституция жобасы ауқымды қоғамдық диалогтың нәтижесі екенін, азаматтар мен сарапшылар қауымдастығының ұсыныстарына сүйене отырып әзірленгенін айтты.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы – ауқымды, ашық және шынайы бүкілхалықтық жұмыстың нәтижесі. Елдің Ата Заңы азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың ұсыныстары ескеріліп әзірленді, – деді ол.

Кездесу барысында қатысушыларға жобадағы институционалдық жаңалықтар, соның ішінде қоғамдық қатысу тетіктері мен басқару жүйесінің тұрақтылығы мәселелері түсіндірілді. Парламент Мәжілісінің депутаты Ұлықбек Тұмашинов бірқатар институттың тарихи сабақтастығына және билік сабақтастығын қамтамасыз ету міндеттеріне тоқталды.

Құрылтай» атауы – ғасырлар қойнауынан жеткен тарихи ұғым. Халқымызда мұндай кеңесу, келісу дәстүрі ертеден бар. Вице-президент институтына қатысты түрлі пікірлер айтылды. Алайда бұл тәжірибе көптеген мемлекеттерге тән. Бізде бұл институт жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталады. «Құрылтай» қалыптасқаннан кейін Президент кандидатура ұсынады, депутаттар оны дауыс беру арқылы қолдайды. Вице-президент жекелеген бағыттарда, соның ішінде халықаралық байланыстар мен келіссөздерде жұмыс істейді, ал төтенше жағдайда билік сабақтастығын қамтамасыз етіп, белгіленген мерзімде сайлауды ұйымдастырады, – деді депутат.

Пікірталас барысында қатысушылар құжат елдің болашағына айқын бағдар беретінін атап өтті. Мәтінде адами капиталды дамытуға, білім мен ғылымға, инновацияларға, экологиялық жауапкершілікке және келешек ұрпақ алдындағы міндеттерге ерекше мән берілгені айтылды. Кездесу соңында қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берілді.

Тегтер: F16Ата заңБалевабилікКонституциялық реформаРеферендумСақтағановсаясат
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған