F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

70 елді мекенді су басу қаупі бар: ШҚО-да дайындық қалай?

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
05.03.2026, 11:39
Басты, Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Аймақта елді мекендердегі су басу қаупін төмендету және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді алдын алу шаралары жүргізіліп келеді.

Облыс аумағында барлығы 128 гидротехникалық нысан бар. Оның 77-сі – су ұстайтын құрылыстар, соның ішінде 40 су қоймасы, 28 тоған, 7 гидроторап және 2 бөгет бар. Олардың барлығы тұрақты бақылауда.

Су тасқыны қаупі жоғары кезеңге дайындық аясында бірқатар инженерлік жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда:

  • өзен арналары 3,5 шақырымға тереңдетіліп, тазартылып, түзетіліп, кеңейтілді;
  • 800 метр қорғаныс бөгеті жөнделді;
  • 2,35 шақырым жағалауды бекіту құрылыстары салынды және күшейтілді;
  • 5,5 шақырым су бұру арналары жасалды;
  • 3 нысанда су өткізу құбырлары орнатылып, жөнделді;
  • 4 көпірге ағымдағы жөндеу жүргізілді;
  • 1 гидротехникалық нысан жөнделді;
  • су тасқыны қаупі бар 2 көше учаскесі қалпына келтірілді.

Сонымен қатар Алтай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Күршім, Шемонаиха, Катонқарағай және Глубокое аудандарында мұз кептелісі қаупі бар 20 учаске анықталған. Қажет болған жағдайда мұз кептелістерінің алдын алу үшін бұл жерлерде жарылыс жұмыстары жүргізіледі.

Елді мекендердің өзінде де су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда. Қазіргі уақытта арықтар мен каналдардың 35%-ы тазартылған. 32% су өткізу құрылыстары ретке келтіріліп, 57% көпір тазаланды және 216 мың текше метр қар шығарылды.

Жалпы облыстағы 70 елді мекенде су тасқыны қаупі бар. Онда шамамен 3,5 мың тұрғын үй орналасқан.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету үшін күштер мен құралдар тобы жасақталды. Олардың құрамында 3677 адам, 556 техника, 73 жүзу құралы және 234 мотопомпа бар.

Сондай-ақ 13 мың адамды қабылдай алатын 137 уақытша орналастыру пункті дайындалды.

Халықты жедел хабардар ету үшін арнайы ескерту жүйесі қарастырылған. Қажет болған жағдайда 48 сирена-дыбыстық құрылғы, SMS-хабарламалар, телерадио арналарын шұғыл қосу және «Darmen» мобильді қосымшасы іске қосылады. Бұдан бөлек, Mass Alert жедел хабарлау жүйесі де кәдеге жаратылмақ.

«ШҚО әкімі ахуалдық орталығы» ақпараттық жүйесінде су тасқыны жағдайын бақылаудың бірыңғай кешені іске қосылған. Ол ықтимал қауіптерді ерте анықтау үшін жеті күндік болжам жасап отырады.

Жолдарды күтіп-ұстауға арналған техника да әзірленген. Облыстың жалпы пайдаланымдағы жолдары мен елді мекен көшелерінде 806 техника дайын тұр. Оның ішінде:

  • 103 техника – республикалық маңызы бар жолдарда
  • 119 техника – облыстық жолдарда
  • 584 техника – аудан әкімдіктерінің қарамағында.

Мәселен, Тарбағатай ауданында да су тасқынына қарсы шаралар жүргізілуде. Ауданның 8 ауылдық округінде 17 ауылдық құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Олар су өткізу жүйелерін тазалап, еріген қар суының кедергісіз ағуын қамтамасыз етуде.

Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасып жатыр. Негізгі мақсат — алдын алу жұмыстарын дер кезінде жүргізіп, шығысқазақстандықтар үшін қауіп-қатерді барынша азайту.

Тегтер: F16су тасқыны қаупіШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған