Сібенің үшінші көлі — Шалқар көлінде «Мұз үстіндегі Көктемгі FEST» атты фестиваль өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Фестиваль 7 наурыз күні сағат 11:00-де басталады.
Мерекелік концерттік бағдарламада: қызықты ойындар мен байқаулар, балаларға арналған аниматорлар, жылы киіз үйлер, коньки мен тюбингтерді жалға беру, атпен серуендеу қарастырылған.
Сондай-ақ фестиваль аясында ыстық шәй мен дәмді тағамдар ұсынылады.
Шара Ұлан ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтпек.




