Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңертең облыс аумағындағы барлық жолдар ашылды. Тек Өскемен-Самар тас жолы уақытша жабық тұр, деп хабарлайды F16.kz.
Ауа райының жақсаруына байланысты 11 наурыз сағат 7.00-ден бастап өңірдегі бұған дейін жабық болған республикалық және облыстық маңызы бар барлық автокөлік жолы ашылды. Тек Өскемен-Самар жолы әзірге жабық.




