ШҚО-да уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істеген және уақытша тұруға рұқсаты жоқ көрші мемлекеттің азаматтары ұсталды. Олар бұған дейін де осындай заң бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды F16.kz.
Көші-қон заңнамасын қайталап бұзғаны үшін жеті шетелдік азамат Қазақстан Республикасының шегінен шығарылды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оларға ел аумағына бес жыл мерзімге кіруге тыйым салынды. Жұмыс беруші де жазасыз қалмайды. Ол мемлекет пайдасына 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге тиіс, — деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.
Айта кетейік, өңірде 10 наурыздан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Тәртіп сақшылары профилактикалық шара басталған алғашқы ел аумағында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 18 шетелдік азаматты анықтап, қолға түсірген.




