F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО тұрғындары референдумда жоғары саяси мәдениет көрсетті

F16 F16
16.03.2026, 15:00
Жаңалықтар, Заң
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында республикалық референдум сәтті өтті. Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, өңір тұрғындары жоғары азаматтық белсенділік танытып, дауыс берушілердің 86,42%-ы өз таңдауын жасады. Бұл көрсеткіш республика бойынша жоғары нәтижелердің бірі болды.

Осылайша, аймақ халқы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға деген сенімін паш етті. Көпшілігі бүгінде мемлекеттік саясат азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер ететін нақты өзгерістерге бағытталғанын айтуда. Бұл өңірде жүзеге асырылып жатқан нақты жобалар мен бастамалар арқылы да көрініс тауып отыр.

АУЫЗСУМЕН ҚАМТУ

Соңғы бір жылда Шығыс Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды жоба іске асырылды. Ауылдарда коммуналдық мәселелер жүйелі түрде шешіліп келеді. Мәселен, Топқайың ауылында ауызсу мәселесінің шешілуі тұрғындар үшін көптен күткен жаңалық болды. Бұл елді мекен халқының тұрмыс сапасын жақсартып, қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруге жасалған маңызды қадам дер едік.

САЛАУАТТЫ ҰЛТ

Өңірде спорт инфрақұрылымы да қарқынды дамып келеді. Ұлан ауданының Бозанбай және Таврия елді мекендерінде заманауи денешынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Аталған нысандар балалар мен ересектерге спортпен айналысуға және белсенді демалыс өткізуге барлық мүмкіндік жасап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ

Жол саласында да елеулі өзгерістер байқалады. Өңірдегі маңызды жолдардың бірі – Өскемен-Риддер трассасын жөндеу аяқталды. Сонымен қатар Осинов асуын айналып өтетін жол құрылысы аяқталуға жақын. Көп жыл бойы Шығыс Қазақстанның көлік жүйесіндегі ең күрделі жобалардың бірі саналған бұл жол пайдалануға берілгеннен кейін жол қауіпсіздігі мен көлік қатынасы жақсара түспек.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМТУ

Әлеуметтік салада да оң өзгерістер бар. Өңірде жаңа мектептер салынып, балабақшадағы кезек жойылды. Елді мекендерде заманауи медициналық нысандар ашылып жатыр. Риддер қаласында жаңа көпсалалы аурухана кешені өз жұмысын бастады, ал Өскеменде өңірдегі ең ірі медициналық нысандардың біріне айналатын Гематология орталығының құрылысы аяқталуға таяу.

Бұл өзгерістердің барлығын облыс тұрғындары көзбен көріп, біліп отыр. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың басты назарында адам, оның әл-ауқаты, қауіпсіздігі және болашаққа деген сенімі тұрғаны жөніндегі пікір жиі айтылады.

АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУДІҢ ЖЕМІСІ

Айта кету керек, Шығыс Қазақстанда референдумға дайындық екі айға жуық уақыт бойы жүргізілді. Жаңа Конституция жобасы 12 ақпанда жарияланғаннан кейін өңірде ауқымды ақпараттық-түсіндіру науқаны басталды. Өңірлік штаб жұмысына 500-ден астам адам, жүздеген ерікті мен қоғам белсенділері қатысты. Олар тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен және түрлі әлеуметтік топ өкілдерімен кездесулер өткізіп, ақпараттық материалдар таратып, Ата заңға ұсынылып отырған өзгерістерді жан-жақты түсіндірді.

Үгіт-насихат материалдары қаладағы көшелер мен даңғылдарда, сауда орталықтарында, қоғамдық көліктерде және адам көп жиналатын басқа да орындарда орналастырылды. Штаб мүшелері әр тұрғынға ақпарат жеткізуге тырысып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, ел болашағына қатысты ұсыныстарды талқылады.

lIVE-КОНЦЕРТ ПЕН БАЛЫҚШЫ FEST

Сонымен қатар референдумға дайындық ірі қоғамдық шаралармен қатар жүрді. Мәселен, 28 ақпанда Maxi Mall сауда-ойын-сауық орталығында «Жастар таңдауы – жаңа Ата заң» атты live-концерт өтті. Оған шамамен 12 мыңға жуық адам жиналды. Көрермен алдында танымал әншілер Еркін Нұржанов, Sadraddin және Мирас Жүгінісов өнер көрсетті. Ал келесі күні өткен «Балықшы Fest» балық аулау фестивалі мыңдаған әуесқой балықшының басын қосты.

Облыс орталығы тұрғындары үшін тағы бір маңызды оқиға — әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілтін табыстау болды. Наурызнама онкүндігіндегі Көрісу күні — Амал мерекесімен тұспа-тұс келген салтанатты шара көптеген отбасы үшін талай жыл күткен ерекше сәт, оң өзгерістердің және болашаққа деген сенімнің символы болды.

ЖӘРМЕҢКЕ, ТЕГІН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК 

Дауыс беру күні сайлау учаскелері штатты режимде жұмыс істеді. Тұрғындар дауыс беруге отбасыларымен, әріптестерімен, тіпті бір көшенің тұрғындары болып бірге келді. Дауыс берушілерге ыңғайлы болу үшін қоғамдық көліктерде тегін жол жүру ұйымдастырылды.

Талай жерде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері, мәдени іс-шаралар өтіп, жылы әрі мерекелік атмосфера қалыптасты. Қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, әуелете ән шырқалып, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Кейбір қатысушылар сайлау учаскелеріне түрлі-түсті костюмдермен, ертегі кейіпкерлері мен алып қуыршақтар образдарында келіп, ерекше көңіл күй сыйлады.

Дауыс беруге қоғамның түрлі топтарының өкілдері қатысты. Олардың қатарында көпбалалы аналар, еңбек ардагерлері, спортшылар, этномәдени бірлестіктер мүшелері, жұмысшылар мен қызметкерлер болды. Әсіресе ел болашағын қалыптастыратын жастардың белсенділігі ерекше байқалды.

Жалпы алғанда, Шығыс Қазақстан облысында референдум тыныш, ұйымдасқан түрде әрі азаматтардың жоғары қоғамдық белсенділігімен өтті. Дауыс беруге халықтың көптеп келуі өңір тұрғындарының бірлігін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформаларына толық сенімі мен қолдауын, елдегі маңызды қоғамдық-саяси процестерге қатысуға дайын екенін көрсетті.

Шығыс Қазақстан кезекті рет азаматтық жауапкершілік пен саяси мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетті. Өңір адамды — оның құқықтарын, әл-ауқатын және болашаққа деген сенімін басты құндылық ретінде сақтай отырып, алға қарай зор сеніммен қадам басып келеді.

Тегтер: TopАта заңӘлеуметКонституциялық реформақоғамРеферендум
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған