F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ұландықтар Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күнін ұлықтады

F16 F16
17.03.2026, 10:14
Жаңалықтар, Мәдениет, Ұлан

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында Ұлан ауданының өнерпаздары Өскемен тұрғындары мен қонақтарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Maxi Mall сауда кешенінде өткен «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» атты концерт ұлттық өнердің құдіретін паш етіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды F16.kz.

Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз күні —  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні тойланды. Бұл мереке – халқымыздың сан ғасырлық мәдени мұрасы мен рухани байлығын ұлықтауға арналған маңызды күндердің бірі. Оның басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, мәдени құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың бойына ата-баба мұрасын сіңіру.

Мереке қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Атап айтқанда, концерттер, театр қойылымдары, көрмелер, шеберлік сабақтары мен ұлттық ойындар халықтың бай мәдениетін жан-жақты таныстыруға мүмкіндік береді. Ұлттық киімдер, қолөнер бұйымдары, көне музыкалық аспаптар мен әдеби туындылар арқылы қазақ халқының өзіндік болмысы мен ерекшелігі кеңінен насихатталады.

Ұлан ауданының өнерпаздары да бұл күнді кең көлемде атап өтті.

Наурызнама онкүндігі аясында ауданның барлық ауылдарында және Қасым Қайсенов кентінде мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтар дәріптеліп жатыр. Бүгінгі шара соның жалғасы десек те болады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жоғары деңгейде жалғасын табады, — деді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Мәделхан Піржанов.

Өнерпазздар алдымен сауда үйінде ұлттық киімдермен шеру өткізіп, халық әндерін әуелете шырқады. Ары қарай концерттік бағдарламамен жалғасты. Әсем ән мен күмбірлеген күй орындалды. Өнерпаздардың әрбір қойылымы көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көрермен қауымның рухын көтерді.

Бұл шараның мақсаты – cалт-дәстүрімізді, ұлттық киімдер мен халық әндерін дәріптеу. Бүгін халыққа мерекелік көңіл-күй сыйладық деп ойлаймын, — деді Балалар музыка мектебінің директоры Бақытжан Аханова.

Бүгінде елімізде тәуелсіздік рухы нығайып, ұлттық бірегейлік айқын қалыптасып келеді. Осы ретте салт-дәстүрді жаңғырту, тарихи мұраны сақтау және оны заманауи тұрғыда дамыту маңызды бағыттардың біріне айналды. Ұрпақ сабақтастығын жалғастыру, құндылықтарды қайта жандандыру және ұлттық мәдениет негізінде жаңа көзқарас қалыптастыру – уақыт талабынан туындаған міндет. Осындай тағылымды шаралар әрбір азаматтың өз мәдениетіне деген құрметін арттырып, ұлттық құндылықтарды бағалауға үндейді. Ұлттық өнердің өрісін кеңейтіп, рухани мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу жолындағы мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табары сөзсіз.

Тегтер: Мәдениет және ұлттық салт-дәстүрНаурызнамаӨскеменҰлан ауданы
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған