F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бозанбайдағы Наурыз тойда дәстүр дәріптеліп, ұлттық мұра жаңғырды

F16 F16
21.03.2026, 13:27
Жаңалықтар, Мәдениет, Ұлан
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Шығыстағы бүркітшілер ауылында ұлан—асыр той болды. Қазақтың қаһарман ұлы Қасым Қайсенов туған қасиетті өңірдің берекелі жұрты Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын барлық сән—салтанатымен, дәстүр—жоралғысымен қарсы алып, думанды мерекенің көрігін қыздырды, деп хабарлайды F16.kz.

Фото: F16.kz

Жылдағы дәстүрмен биыл да Бозанбай ауылының ұйымшыл халқы Наурыз мерекесін кең көлемде атап өтті. Бұл күні Қалба жотасының қойнауындағы құт мекенде бағзыдан жалғасқан баба дәстүр жаңғырып, ұлт мұрасы ұлықталды. Мереке шымылдығы «Наурыз – жыл басы» керуен көрінісімен түрілді. Қыдыр ата бастаған түйелі керуен, сәйгүлік мінген қыз-жігіт, ұлттық киім киген тұрғындар көшемен шерулетіп келіп орталық алаңға тоқтады. Қыдыр ата қолын жайып, дүйім елге ақ батасын берді:

Қарық қып құтты Наурыз,

Қазанға толсын сары уыз.

Ұлыстың ұлы күнінде,

Көппен бірге күлімде!

Жарасып көңіл хоштығы,

Бекісін халық достығы.

Әспеттеп ата дәстүрін,

Әсем боп өссін жас буын.

Кірбің тартпасын кәрілер,

Бәрінің дәмді нәрін бер.

Құтты болып жаңа күн,

Бақытты бол бәрің де! Әумин!

Бүркітшілер ауылындағы салтанатты шараға Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов қатысып, жиылған жұртты мерекемен құттықтады.

Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа ырыс-құт әкелсін! Аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. 15 наурызда өткен референдумда халқымыз береке-бірлігін көрсетіп, жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді. Бұл – тарихи күн. Халыққа арналған Ата заңымыз құтты болсын! Бүгін Наурыз мейрамын қасиетті Бозанбай ауылынан бастап жатырмыз. Ары қарай әрбір округта жалғастырып, 23 наурызда аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінде түйіндейтін боламыз, – деді аудан әкімі.

Фото: F16.kz

Дәстүр дәріптеліп, ұлттық ойындар салтанат құрған орталық алаңда өнерпаз қауым әуелетіп ән салып, күмбірлетіп күй төкті. Бұрымы жер сызған сұлулар мың бұрала би биледі. Ақ жаулықты әжелер «ауылдың алты ауызын» тарту етті. Атан жілік, апайтөс жігіттер арқан тарту, аударыспақ, қой көтеру, тай көтеру, қол күрестіру, гір көтеру сияқты сайыста сынға түсіп, күш сынады. Қазақтың арулары қайсар ғой шіркін! Текешікті (жасқа толмаған ешкінің еркек төлі) көтеру сайысына білек сыбанып оқушы қыздар шықты. Олардың алды текешікті 80-90 рет көтеріп, бәсекені қыздыра түсті. Осы кезде белгілі бозанбайлық құсбегі Маркс Нажитбанның қызы Асылы суырылып ортаға озды. Қаршадай бүлдіршіннің өжеттігіне тәнті болған көпшілік «көтерсін, баланың бетін қақпаңдар!» деп шулады. Төрешілер келісті. Кішкентай Асылы текешікті иығына салып, 120 рет отырып тұрды. Бас жүлде иегері анықталды. Бұл – рекорд!

Биылғы Наурыз мерекесі жақсы өтіп жатыр. Мен текешікті 120 рет көтеріп, жеңіске жеттім. Басқа қыздар да осал болған жоқ. Мейрам құтты болсы! Баршаңызға аман-саулық тілеймін, – деді кішкентай Асылы.

Фото: F16.kz

Тай көтеру сайысы тартысты болды. Бірінен-бірі өткен кіл мықтылар бурыл тайды арқалап орталық алаңмен жүріп өтті. Жарыс шарты бойынша қай қатысушы қашыққа жүреді, жеңіс соныкі. Бұл сынға өз күшіне сенімді, сайдың тасындай саңлақтар ғана шықты. Өйткені тай көтеру екінің бірінің қолынан келетін іс емес. Нағыз білекті жігіттер сыналатын сайыс бұл. Дегенмен Қасымдай батыр ұлды дүниеге әкелген топырақта топқа түсуден тосылып қалған ұлды көрмедік. Қай-қайсы да күш сайыстырудан қашқан жоқ. Бірақ қазылар алқасының шешімімен он шақты қатысушыға ғана рұқсат берілді. Осы таңдаулылар арасынан аударыспақ шебері Ерлан Базарханға тең келер ешкім табылмады.

Ұлттық спортты қолдап, өз атынан бәйгеге тай тігіп жатқан Жұмабек ағаға (аударыспақтан Қазақстанның 15 дүркін чемпионы – ред.) алғысым шексіз. Наурыз тойы құтты болсын! Баршаңызға амандық, бақ-береке тілеймін, – деді тай көтеру сайысының жеңімпазы Ерлан Базархан.

Фото: F16.kz

Ат құлағында ойнаған аударыспақ шеберлерінің бәсекесінде де Ерланның бабы мен бағы қатар шауып, бас жүлдені жеңіп алды.

Қатар келген қос мереке Ораза айт пен Ұлыстың ұлы күні құтты болсын. Еліміздің іші даудан, сырты жаудан аман болсын. Жаңадан қабылдаған Ата заңымыз ел игілігіне қызмет етсін. Әрқашан қазағымның мерейі үстем болсын. Осындай ұлан-асыр той өткізіп, кейінгі жас ұрпаққа береке-бірліктің үлгісін көрсетіп, ұлттық мұрамызды дәріптеп жатқан Бозанбай округінің халқына ризашылығымды білдіремін. Қазыналы қарияларымыз аман болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын! – деп ағынан жарылды ардагер спортшы, аударыспақтан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Жұмабек Жәпішев.

Бозанбай ауылында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен, ұлттық нақышта кең көлемде аталып өтті. Ауыл халқы ата-баба дәстүрін жаңғыртып, Қыдыр ата батасымен басталған мерекеде керуен шеруін ұйымдастырып, ұлттық киімдер киіп, ел бірлігін айшықтады. Орталық алаңда ән мен күй әуелеп, би биледі, ұлттық ойындар арқылы халықтың рухы көтерілді.

Фото: F16.kz

Сонымен қатар түрлі спорттық сайыстарда жастар мен ересектер белсенділік танытып, күш-жігері мен ептілігін көрсетті. Мейрам барысында ел бірлігі, татулық, ұлттық құндылықтарды сақтау мен келер ұрпаққа жеткізу идеясы кеңінен дәріптелді. Жалпы, бұл мереке халықтың ынтымағы мен рухани байлығын айқындап, Наурыздың шынайы мәнін ашып көрсетті.

Тегтер: F16Бозанбай ауылыБүркітшілер ауылыдәстүрНаурыз мейрамыҰлан ауданыҰлыстың ұлы күні
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған