F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Балалар мекемесіне талап күшейді: жаңа бақылау тәртібі қалай жұмыс істейді

F16 F16
26.03.2026, 16:00
Білім мен ілім, Жаңалықтар, Өскемен
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстанда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырылып келеді. Осыған байланысты балаларға қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысына қойылатын талаптар күшейтіліп, бақылау тетіктері жаңартылды, деп хабарлайды F16.kz.

Былтырғы 4 желтоқсанда қабылданған заң осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі болды. Аталған құжатқа сәйкес, ел аумағында балалармен жұмыс істейтін мекемелерге санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың жаңа тәртібі енгізілді. Бұл өзгерістер, ең алдымен, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

Жаңа талаптар 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енді. Осы күннен бастап «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске «ерекше бақылау және қадағалау» ұғымы ресми түрде енгізілді. Бұл ұғым балаларға арналған ұйымдардың қызметін қадағалаудың жаңа деңгейін білдіреді. Енді бақылау тек жоспарлы тексерулермен шектелмей, жоспардан тыс тексерулерді, тергеп-тексеру шараларын және тұрақты мониторинг жүргізуді қамтиды.

Маңызды жаңашылдықтардың бірі – тексерулердің алдын ала ескертусіз жүргізілуі. Бұл мекемелердің күнделікті жұмыс сапасын шынайы бағалауға мүмкіндік береді.

Жаңа жүйеге сәйкес барлық ұйымдар тәуекел деңгейіне қарай жіктеледі. Жоғары тәуекел тобына балалар көп шоғырланатын және олардың денсаулығына тікелей әсер ететін мекемелер енгізілген. Олардың қатарында балабақшалар, мектептер, интернаттық ұйымдар, медициналық қызмет көрсететін нысандар мен қоғамдық тамақтану орындары бар. Бұл санаттағы мекемелер жиі әрі мұқият тексеруден өтеді. Ал тәуекелі төмен деп танылған ұйымдарға бақылау сирек жүргізіледі. Мұндай тәсіл ресурстарды тиімді пайдаланып, ең алдымен қауіп деңгейі жоғары нысандарға назар аударуға мүмкіндік береді.

Жоспарлы тексерулер арнайы бекітілген тізім негізінде жүзеге асырылады және олардың ұзақтығы 15 жұмыс күніне дейін созылады. Қажет болған жағдайда бұл мерзім ұзартылады. Ал жоспардан тыс тексерулер нақты себептерге байланысты тағайындалады. Атап айтқанда, азаматтардың шағымдары, анықталған бұзушылықтар немесе балалардың қауіпсіздігіне тікелей қатер төнген жағдайлар осындай тексерулерге негіз болады. Мұндай тексерулер 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі және жедел әрекет етуді қамтамасыз етеді. – деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.

Заңдағы тағы бір маңызды өзгеріс – бұрын шағын бизнес субъектілеріне қатысты енгізілген мораторийдің алынып тасталуы. Бұл барлық ұйымдарға бірдей талап қойылып, балалар қауіпсіздігі мәселесінде ешқандай жеңілдік болмайтынын көрсетеді. Сонымен қатар мониторинг барысында зертханалық зерттеулер жүргізіліп, санитария жағдайы жан-жақты тексеріледі. Бас мемлекеттік санитария дәрігерлерінің өкілеттігі де кеңейтіліп, олар шұғыл шешім қабылдау мүмкіндігіне ие болды.

Аймақтық деңгейде бұл өзгерістер өз нәтижесін бере бастады. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында жүздеген білім беру және денсаулық сақтау нысандары ерекше бақылауға алынған. Бұл өңірдегі балалар мекемелерінің қызметін жүйелі түрде тексеріп, талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралардың жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді, – деді Сәуле Слямғазина.

Жалпы, енгізілген жаңа жүйе балалардың қауіпсіздігін күшейтіп, құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қоғамның да рөлі артып отыр. Енді азаматтар қандай да бір тәртіп бұзушылықты байқаса, оны нақты дәлелдермен құзырлы органдарға жеткізе алады. Тіпті әлеуметтік желілерде жарияланған шағымдар да назардан тыс қалмайды. Бұл өз кезегінде ашықтықты арттырып, жауапты мекемелердің жұмысын одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.

Осылайша, жаңа бақылау тетіктері балаларға қызмет көрсететін ұйымдардың жауапкершілігін арттырып, еліміздегі әрбір баланың қауіпсіз әрі сапалы қызмет алуына негіз қалайды.

Тегтер: TopБілімденсаулықмедицинатәрбиеШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған