F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Юлия Галышева: Қол жеткізген барлық жетістіктерім — ортақ жеңісіміз

F16 F16
01.04.2026, 12:55
Жаңалықтар, Өскемен, Спорт
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Белгілі шығысқазақстандық спортшы, фристайл-могулдан әлем чемпионы, Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева кәсіби мәнсабын аяқтайтынын айтты. Бұл туралы ол облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.

Алқалы жиынға басқарма басшысы Аскар Можанов пен Қазақстанның құрметті фристайл бапкері Елена Круглыхина қатысты. Құрметті бапкер спортшымен жұмыс істеу – өзінің кәсіби жолындағы ерекше тәжірибе екенін атап өтті.

Бүгін — шынымен тарихи күн. Біз Юлия екеміз он жылдан астам бірге жұмыс істедік. Ол менің алғашқы кәсіби спортшым болды. Әрине, қоштасу қиын, бірақ спорт – спорт, ал адам ресурсы шектеулі. Бұл ең қиын жұмыс, себебі олар балалық шақтарын, жақындарын көрмейді, толықтай бізге бағынады. Юлияға көп рахмет. Оның кәсіби жолы керемет, қызықты өтті, – деді Круглыхина.

Юлия Галышева 20 жылдан астам уақыт бойы ұлттық құрама сапында абыройлы өнер көрсетті. Қазақстан фристайлының мәртебесін әлемдік аренада әйгіледі. Ел тарихындағы могулдан Олимпиада медалін жеңіп алған жалғыз спортшы (2018 жылғы Қысқы Олимпиададағы қола жүлде) және 2019 жылы осы дисциплинада әлем чемпионы атанды.

Спортшының мәнсабындағы ең ерекше кезеңдердің бірі – бес Олимпиадаға қатысуы: Ванкувер-2010 бәсекесінен Милан–Кортина-2026 додасына дейінгі ойындарда өнер көрсетті. Оның қоржынында әлем чемпионаттарының толық жүлде жинағы, Әлем кубогының кезеңдеріндегі медальдар, Азия ойындары мен Универсиаданың алтын медальдары бар.

БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде Галышева елдегі фристайлды дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Ол бапкерлерге, команданың әрбір мүшесіне және жанкүйерлерге алғысын білдірді.

Біріншіден, біздің спортты жариялап, дәріптейтін журналистер мен фотографтарға алғысым шексіз. Басшылыққа, бапкерлерге ризамын – барлық жеткен нәтижелер тек менің емес, бәріміздің ортақ еңбегіміз, – деді ол.

Басқарма басшысы Аскар Можанов халықаралық мәнсап жолы аяқталғанымен, Галышева елішілік  жарыстарда төбе көрсетіп, жас спортшыларға тәжірибесін үйретуге дайын екенін атап өтті.

Галышева бұған дейін тізе жарақатына байланысты мәнсабын аяқтауды ойлаған, бірақ сәтті жасалған отадан кейін жарыс жорығын жалғастыруға шешім қабылдаған. Оның соңғы ірі жарысы – биыл Италия төрінде өткен қысқы Олимпиада ойындары, онда ол 14-орынға табан тіреді.

Қазақстан могулының болашағы туралы сөз еткен спортшы ұлттық құраманың жарқын өкілдері қатарында шығысқазақстандық Анастасия Городко мен Павел Колмаковты атап өтті. ОЛарды команда көшбасшылары әрі халықаралық аренада бәсекеге қабілетті спортшылар деп есептейді.

Сөйтіп, төрт бірдей Олимпиада ойындарында бақ сынаған, талай-талай әлем чемпионаты мен әлем кубоктарында олжа салған даңқты спортшы Юлия Галышева кәсіби мәнсабын аяқтады. Қорыта айтсақ, ол – еліміздің қысқы спортындағы аты аңызға айналған, кейінгі буын жастарға үлгі болған фристайлшы ретінде тарихта қалады.

Тегтер: TopГалышевакәсіби мәнсапмогулСпортфристайлШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған