F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Облыстың көлік жолдарында қарғын су қаупі жоғары 13 учаске анықталды — ШҚО

F16 F16
08.04.2026, 10:00
Жаңалықтар, Төтенше жағдай
Фото: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Фото: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық және оның алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Қарғын су басуы ықтимал елді мекендерден бөлек, автокөлік жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – негізгі басымдықтардың бірі, деп хабарлайды F16.kz.

Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда облыстық маңызы бар көлік жолдарында су басу қаупі жоғары 13 учаске анықталған. Олар:

  • Мамай батыр-Бозанбай;
  • Өскемен-Тарғын-Самар;
  • Өскемен-Таулы Үлбі-Северное;
  • Мамай батыр-Бозанбай-Алғабас-Тарғын;
  • Тарханка-Топиха;
  • Октябрьск паром-Алтай-Ново-Хайрузовка;
  • Үлкен Нарын-Күршім;
  • Ақсуат-Бәкей-Қарасу-Ақжар, Омбы-Майқапшағай жолының 98-100 шақырымы;
  • Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар;
  • Көкпекті-Самар-Васильев өткелі;
  • Күршім-Қалжыр-Бурабай-Маралды.

Мамандардың айтуынша, аталған бағыттағы жолдардың кей бөлігінде қарғын су жайылуы мүмкін. Ондай жағдайлар былтыр Күршім ауданында болған. Басқарманың мәліметіне сүйенсек, былтыр күзде Күршім өзені арнасынан асып, Күршім-Калжыр-Маралды-Теректібұлақ трассасының 3–4 шақырымында жол жиегін су шайып кеткен. Құзырлы органдар дереу әрекет етіп, жолды қалпына келтірді. Нәтижесінде 3920 тонна қиыршық тас пен топырақ төгіліп, жол жиегі бекітілді.

Сонымен қатар биылғы 9 наурызда Тарбағатай ауданы аумағында Маңырақ тауынан ағып келген қар суы облыстық маңызы бар Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар жолының 71–72 шақырымына жайылды. Құзырлы органдар жағдайы бақылауда ұстап, тиісті жұмыс жүргізілуі арқасында көлік қозғалысына шектеу қойылмады.

Бүгінгі таңда облыстық маңызы бар жолдардың су шаю қаупі бар учаскелерінде тәулік бойы бақылау ұйымдастырылып, қажетті инженерлік жұмыс атқарылған. Су өткізу жүйелері тазартылып, көпірлердің дайындығын тексерілді, жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жалғаса береді, – деді облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айжан Құмарова облыс әкімдігінде өткен жиында.

Басқарма дерегінше, өңірде жалпы ұзындығы 1576,8 шақырым болатын облыстық маңызы бар жолдарда 1677 су өткізу құбыры салынған. Оның 1593-і көктемгі қарғын суға дайын. Сондай-ақ осы жолдарда 92 көпір бар, олардың дайындығы 100 пайыз.

АНЫҚТАМА

Шығыс Қазақстан облысындағы автокөлік жолының жалпы ұзындығы 5,2 мың шақырымнан асады. Оның 1,2 мың шақырымы республикалық, 1,6 мың шақырымы облыстық және 2,4 мың шақырымы аудандық маңызы бар жол.

Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айжан Құмарованың айтуынша, өңірде төтенше жағдай туындаған жағдайда адамдармен және арнайы техникамен толық қамтамасыз етілген жедел әрекет ету тобы жасақталған. Қызмет көрсетуші кәсіпорындарда қысқы кезең басталғалы бері тәулік бойы жұмыс істейтін диспетчерлік қызмет ұйымдастырылған, өндірістік жол учаскелерінің (ПДУ) қызметтері күшейтілген режимде, тәулік бойы жұмыс істейді. Жауапты тұлғалар бекітілген.

Жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында жол мекемелері, полиция бөлімшелерінің жеке құрамы, төтенше жағдайлар бөлімдері, қала-аудан әкімдіктерінің іс-қимыл жоспары әзірленді. Осы жоспарға сәйкес барлық жол қызметтерімен, медициналық трассалық пункттермен және ауылдық округ әкімдіктерімен өзара байланыс жолға қойылған. Жылыну, уақытша орналастыру және тамақтандыру пункттері анықталған, – деп қосты басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Іс-қимыл жоспарында автокөлік жолдарына жауапты тұлғалардың, ауылдық елді мекендер әкімдерінің, төтенше жағдай қызметі мен полиция өкілдерінің аты-жөні, лауазымы және байланыс телефондары көрсетілген. Ауа райы бұзылып, жол жағдайы нашарлағанда әрекет ететін арнайы алгоритм белгіленген.

Қазір Шығыс Қазақстанда көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылданып, жол инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген. Жұмыс қарқынды жүріп жатыр.

Тегтер: F16көлік жолыҚауіпсіздіксу тасқынытасқынға тосқынШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған