Елімзде алғаш рет ЖИ арқылы түсірілген фильмдердің халықаралық фестивалі өтеді. Ауқымды шара күзде елордада өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды F16.kz.
Халықаралық додада авторлар, digital-креаторлар, технологиялық компаниялардың өкілдері, сарапшылар мен инвесторлар бір алаңда жиналады. Ондағы басты мақсат — киноиндустрия мен AI-технологиялар тоғысатын жобаларды дамыту.
Фестиваль аясында жүлде қоры 1 миллион АҚШ доллары болатын қысқаметражды фильмдердің халықаралық байқауы өтеді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен және шет мемлекеттерден келген авторлары қатыса алады.
Сондай-ақ AI-контентке арналған конференция, авторлар мен продюсерлерге арналған питч-сессиялар, халықаралық сарапшылардың қатысуымен фильм көрсетілімдері өтіп, туындыларды талқылауға мүмкіндік туады.




