F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО әкімі Премьер-министрге өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық туралы баяндады

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
09.04.2026, 15:15
Жаңалықтар
ШҚО әкімі Премьер-министрге өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық туралы баяндады

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық биыл да ерекше назарға алынды. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновке өңірдегі ахуал туралы баяндап, бұл бағыттағы жұмыстардың ауқымы мен маңызын жан-жақты атап өтті, деп хабарлайды F16.kz.

Шығыс Қазақстан облысының аумағы 9,7 млн гектар болса, оның 3 млн гектары орман қорының үлесінде. Ал жасыл желекпен көмкерілген аумақ — 1,7 млн гектар. Осыған орай, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету — экожүйені сақтау мен халық қауіпсіздігін қорғаудағы басты міндеттердің бірі.

Соңғы үш жыл ішінде облыс аумағында 117 орман және дала өрті тіркеліп, олардың жалпы аумағы 707 гектарды қамтыған. Тек былтырдың өзінде 27 өрт оқиғасы болып, 204 гектар аумақ зардап шеккен. Бұл деректер өрт қауіпсіздігі шараларын жүйелі түрде жетілдіру қажеттігін көрсетеді. Биыл өрт қаупі жоғары кезең ресми түрде 13 сәуірден басталады. Қазір дайындық жұмысы кешенді түрде жүргізіліп жатыр.

Өңірде қажетті күштер мен құралдар толықтай жасақталған. Төтенше жағдай кезінде жұмылдырылу үшін жалпы саны 3,5 мыңға жуық адам дайын. Олардың қатарында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, орман шаруашылығы мамандары және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметкерлері бар. Сонымен қатар мыңға жуық техника, 5 мыңнан астам өрт сөндіру құралы және 45 ұшқышсыз ұшу аппараты бақылау мен жедел әрекет ету үшін пайдаланылмақ.

Материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында да айтарлықтай жұмыс атқарылған. Соңғы жеті жылда облыстық бюджеттен 2,6 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 97 арнайы техника сатып алынған. Бұған қоса, былтыр Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы лизинг негізінде 3,5 млрд теңгеге 122 автокөлік алынды. Олардың ішінде өрт сөндіру автоцистерналары, тракторлар және мобильді өрт сөндіру кешендері бар. Бұл техникалар, әсіресе шалғай және жетуі қиын аймақтарда тиімді қолданылып отыр.

Өрттің алдын алу және ерте анықтау жүйесін жетілдіру мақсатында жаңа жобалар іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, тоғыз орман шаруашылығында бақылау мұнараларын орнату үшін 90 нүкте белгіленген. Жобаның жалпы құны — 13 млрд теңге, құрылыс-монтаждау жұмысы жуырда басталады. Бұл жүйе өрт ошақтарын бастапқы кезеңде анықтап, оны ауқымды апатқа айналудан сақтайды.

Әуеден бақылау жұмыстары да назардан тыс қалмады. «Қазавиақұтқару» ұйымының қатысуымен 794 ұшу сағаты жоспарланған. Сонымен қатар өңірде жұмыс істейтін «Авиациялық бөлімше» коммуналдық кәсіпорны таулы және қолжетімсіз аумақтарда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Орман күзеті қызметкерлері мен «Қазавиаорманқорғау» десантшыларының қатысуымен құрылған мобильді топтар өрт ошақтарына алғашқылардың бірі болып жетіп, тілсіз жаудың таралуына тосқауыл қояды.

Өңірде жанар-жағармай қоры да жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда 95,5 тонна дизель отыны мен 106,6 тонна бензин қоры бар. Сонымен қатар алдын алу шаралары аясында минералданған жолақтар жасалып, орман алқаптарында ескерту тақтайшалары орнатылды. Халық арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі кеңінен түсіндірілген.

Өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық біз үшін су тасқынына қарсы шаралар сияқты маңызды. Орман қорының ауқымын ескере отырып, барлық қызметтердің жоғары дайындық деңгейін қамтамасыз етуге және кез келген қауіп-қатерге жедел әрекет етуге міндеттіміз, – деп атап өтті облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Аймақ басшысының айтуынша, 8 сәуір күні өңірде биылғы алғашқы дала өрті тіркелген. Өрт 10 гектар аумақты қамтығанымен, жедел әрекет ету нәтижесінде дер кезінде оқшауланып, толықтай сөндірілген.

Облыс әкімі күні кеше Алтай ауданына жұмыс сапары барысында да су тасқыны мен өртке қарсы дайындықты тексерді.

Биыл өрт қаупі жоғары жыл болмақ. Себебі түскен қар мен жауған жаңбырдың көлемі өткен жылдармен салыстарғанда әлдеқайда аз. Сондықтан өртке қарсы қауіпсіздік шараларын ерте бастан, қазірден қолға алып жатырмыз. Тиісті техникалар уақытылы алынып, жұмыстар жүргізілуде. Бастысы өңір тұрғындары мен қонақтары табиғат аясында демалғаннан кейін қауіпсіздік шараларын сақтап, тілсіз жауға ұласатын жағдайларды болдырмау қажет. Біз тек жауапты органдардың әрекетіне қарап отырмый, халық болып қоршаған ортаның қауіпсіздігіне атсалысуымыз керек. Сонда нәтиже болады, — деп атап өтті аймақ басшысы.

Шығыс Қазақстан облысында өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық кешенді әрі жүйелі түрде жүргізілуде. Табиғи ресурстарды сақтау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау – басты басымдықтардың бірі. Алдағы уақытта жаңа технологияларды енгізу, материалдық базаны одан әрі нығайту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру арқылы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

 

Тегтер: Өрт қауіпсіздігіПремьер-министрШҚО әкімі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған