F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

TURǴYNDAR AMANATY: Өскеменде тұрғын үй мәселелерін талқылады

F16 F16
10.04.2026, 11:00
Жаңалықтар, Өскемен
Фото: Amanat

Фото: Amanat

Шығыстың бас қаласында TURǴYNDAR AMANATY партиялық жобасы аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына арналған ауқымды өңірлік форум өтті. Шара көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру, заңнамалық өзгерістерді түсіндіру және саладағы өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды F16.kz.

Форум жұмысы аясында қатысушыларға арнайы оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында Екатерина Смышляева тұрғын үйді басқару саласының өкілдерімен – пәтер иелері кооперативтері, мүлік иелерінің бірлестіктері және басқарушы компаниялармен ашық диалог форматында кездесті. Кездесу кезінде саладағы түйткілді мәселелер көтеріліп, заңнамалық өзгерістердің іс жүзіндегі қолданылу тетіктері жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, семинарда тұрғын үй қатынастары туралы заңға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. Қатысушыларға көппәтерлі үйлерді басқарудың жаңа үлгілері, мүлік иелерінің бірлестіктеріне көшу жолдары, сондай-ақ басқарушы және сервистік компаниялардың қызметін реттеу мәселелері бойынша нақты ақпарат берілді. Сонымен қатар тұрғындардың ортақ мүлкін тиімді басқару, қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету және жауапкершілікті арттыру бағыттары да сөз болды.

Amanat партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев TURǴYNDAR AMANATY жобасының негізгі міндеттеріне тоқталып, бұл бастама тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жүйелі мәселелерді шешуге бағытталғанын атап өтті.

Біз қазір пәтер иелерінің кооперативі, мүлік иелерінің бірлестігі төрағаларымен бірге TURǴYNDAR AMANATY жобасын қолға алдық. Былтыр тұрғын үй қатынасы жөнінде заңға өзгерістер енгізіліп, біраз мәселелер қаралды. Депутаттарымыз, фракцияның мүшелелері заңға үлкен өзгерістер енгізген болатын. Оның ішінде үш деңгейлі бюджет, жалпы мүлік иелерінің бірлестігіне өту, басқарушы компаниялардың жұмысы, сервистік компаниялар қалай жұмыс істейді соның барлығын біз саралап қараған едік, жер-жерлерде пәтер иелерінің кооперативі, мүлік иелерінің бірлестігінің төрағаларының сұрақтары бар екен. Әсіресе осы үйді басқару жөнінде. Соны біз саралап TURǴYNDAR AMANATY яғни, партияның жанынан алаң болсын, мәселелерді бір жүйеге келтірейік, депутаттарымыз заңды түсіндірсін деп оқыту семинары жүргізілді, — деді ол.

Сонымен қатар Ержан Жылқыбаев өңірлерде пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелерінің бірлестіктері төрағалары тарапынан туындайтын сұрақтардың әлі де көп екенін жеткізді. Әсіресе, үйлерді басқару, қаржылық есептілік пен жауапкершілік мәселелері жиі көтеріледі. Осыған байланысты партия бастамасымен арнайы диалог алаңдары құрылып, оқыту семинарлары өткізіліп келеді.

«Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында өткен форумға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов, партия өкілдері, салалық басқармалар мен ұйымдардың басшылары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының мамандары мен басқару ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жиында сөз сөйлеген өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов бұл форумды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған жүйелі реформаларды іске асырудың тиімді алаңы ретінде бағалады. Оның айтуынша, Президент тапсырмасына сәйкес елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергетика және инфрақұрылым салаларын басқарудың жаңа, ашық әрі тиімді моделін қалыптастыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Президент Жолдауында елдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, энергетика мен инфрақұрылымды басқарудың тиімді әрі ашық моделін қалыптастыру міндетін қойғаны атап өтілді. Осы бағытта Amanat партиясы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп TURǴYNDAR AMANATY жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың тиімді тетіктерін енгізу, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру көзделген. Бүгінгі басты мақсат – тек заңнамалық өзгерістерді талқылау емес. Бұл – мүлік иелері бірлестіктері мен пәтер иелерінің кооперативтері қызметінде туындайтын нақты мәселелерге ортақ шешімдер табу. Бұл бағыттағы жауапкершілік барлығымызға ортақ. Мемлекет, партия, жергілікті атқарушы органдар және тұрғындар бірлесе жұмыс істегенде ғана нақты нәтижеге жетуге болады, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Мұндай форматтағы семинарлар бұған дейін Қарағанды, Ақмола, Павлодар және Түркістан облыстарында өткізілген. Сарапшылардың пікірінше, әр өңірде пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелерінің бірлестіктері қызметіне қатысты өзіндік түйткілдер бар. Сондықтан барлық өңірлік тәжірибені жинақтап, жүйелі түрде талдау жасау қажеттігі айтылды. Осыған байланысты Екатерина Смышляева ұсыныстарды жинақтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, алдағы уақытта республикалық деңгейде кеңейтілген талқылау ұйымдастырылмақ. Егер жиын барысында заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігі анықталса, тиісті шешімдер қабылданады. Жергілікті деңгейдегі мәселелер өңір әкімдіктерімен бірлесіп қарастырылады. Бұл өз кезегінде тұрғын үй-коммуналдық саладағы түйткілдерді жедел әрі тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Форумға қатысушылар тиімді басқару жүйесін қалыптастыру үшін мемлекет, саяси партиялар, жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар арасында өзара тығыз байланыс болуы қажет екенін ерекше атап өтті. Олардың пікірінше, бірлескен әрекет қана нақты нәтижеге жеткізеді.

Жиын соңында қатысушылар тұрғын үй-коммуналдық саладағы реформалар оң бағытта жүзеге асып жатқанын, алайда бұл жұмыстың тиімділігі барлық тараптың үйлесімді әрекетіне тікелей байланысты екенін айтты. Үйлерді басқару тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, сонымен қатар тұрғындардың ортақ жауапкершілігі екені баса көрсетілді. Шараны ұйымдастырушылар мазмұнды пікір алмасу мен конструктивті диалог үшін қатысушыларға алғыс айтылып, партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға билеттер табысталды.

Жалпы алғанда, TURǴYNDAR AMANATY форумы өңірдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғыртуға бағытталған маңызды бастама ретінде бағаланып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал ететін жүйелі қадамдардың бірі екені атап өтілді.

Тегтер: AMANATF16МИБПИКСақтағановтұрғын үйШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған