Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында кезекті ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Өңеш, бас және мойын қатерлі ісігінің алдын алу және ерте анықтау бойынша ашық есік күні 25 сәуірде сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында (Потанин көшесі, 6, 1 корпус, консультациялық-диагностикалық бөлімшесі) өтеді.
Жергілікті дәрігердің жолдамасы қажет емес, өзіңізбен бірге жеке куәлік болса жеткілікті. Бұрын дәрігерге қаралған жағдайда тексеру нәтижелерін алып келуге болады, — делінген хабарламада.
Ашық есік күні тұрғындар орталықтың жетекші мамандарынан кеңес алып, тексеруден өте алады.




