F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Астанадағы қайғылы жағдайдан кейін өңірлерде тексеру күшейді

F16 F16
14.04.2026, 16:10
Жаңалықтар, Заң, Өскемен
Фото: ШҚО ТЖД

Фото: ШҚО ТЖД

Астанада болған қайғылы оқиғадан кейін төтенше жағдайлар қызметі полициямен бірге тұрғын үй аулаларында өрт сөндірушілерге бөгет болатын жағдайлардың алдын алу мақсатында тексеруді күшейтті. Кезекті рейд Шығыс Қазақстан облысында ұйымдастырылды, деп хабарайды F16.kz.

ӨРТ, ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ, АЙЫППҰЛ

Фото: ҚР ТЖМ

Сәуірдің 11-інен 12-сіне ауған түні Астананың Есіл ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шығып, тілсіз жаудан бір отбасының кәмелетке толмаған үш баласы көз жұмды. Ал денесінің тең жартысын күйік шалған балалардың анасы жедел медициналық жәрдеммен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Ол №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың денесі табылды, — деп жазылған ТЖМ ақпаратында.

Сонымен қатар министрлік отқа оранған зәулім үйдің жоғарғы қабаттарынан 20 адам эвакуацияланып, тағы 40 шақты адам өзі сыртқа шыққанын мәлім етті. Астананың полиция департаменті үш баланың қазасына әкеліп соққан өртке байланысты қылмыстық іс қозғады. Ал әлеуметтік желі қолданушылары өртенген үйдің ауласында тұрған жеңіл көлік өрт сөндірушілердің жолына бөгет болғанын жазды. Кейін Астана ТЖД аулаға кіреберіс темір қақпамен жабылғанын, ал аулада автокөліктер көп тұрғанын растады. Осы жағдайға байланысты құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп, өрт сөндіру қызметіне кедергі келтірген автокөлік иесіне айыппұл салды.

Жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін және шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтіретін бұзушылықтар қатаң түрде тыйылады, — деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.

Жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 597-бабы — «Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтатып қою қағидаларын бұзу» бойынша жауапқа тартылды. Бұл бап бойынша 5 АЕК-тен (2026 жылы 21 625 теңге) бастап 15 АЕК-ке (64 875 теңге) дейін айыппұл қарастырылған.

РЕЙД: 270-ТЕН АСТАМ АДАМ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Қоғамды дүр сілкіндірген оқиғадан кейін төтенше жағдайлар қызметі мен құқық қорғау органдары тұрғын аулаларда инфрақұрылым мен өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеруді күшейтті. Өйткені Астана кейсі кез келген төтенше жағдай кезінде әр секунд маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті. Өрт шыққан пәтерге арнайы техниканың дер кезінде жетуіне көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында көліктердің бейберекет қойылуы, кіреберіске шлагбаум орнатылуы кедергі келтіретінін мамандар бұған дейін де талай рет айтып, бұқаралық ақпарат құралдарында сан мәрте жазылған. Өкінішке қарай мәселе түбегейлі шешімін тапқан жоқ. «Баяғы жартас, сол жартас» күйінде қалып келеді.

Фото: ШҚО ТЖД

ШҚО ТЖД қызметкерлері мен полиция өкілдері бірлесіп өткізген профилактикалық рейд барысында мамандар Өскемендегі бірқатар тұрғын үйдің аулаларында жеке көліктердің ретсіз қойылғанын анықтады. Мұндай жағдайлар төтенше оқиға кезінде өрт сөндіру машинасының еркін кіріп-шығуына және жедел құтқару жұмысын толыққанды жүргізуге айтарлықтай кедергі келтіреді.

Мамандардың айтуынша, өрт шыққан жағдайда техника оқиға орнына жылдам жетіп қана қоймай, сонымен қатар автосаты орнату, эвакуация ұйымдастыру және өрт ошағын жедел оқшаулау сияқты маңызды жұмыс атқарады. Алайда ауланың тар болуы, көліктердің жөн-жосызсық қойылуы, кіреберіске шлагбаум орнатылуы бұл үдерісті қиындатып, уақыт жоғалтуға әкеледі. Ал төтенше жағдай кезіндегі әр секунд шешуші рөл атқарады.

Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 164-тармағында ғимараттарға, құрылыстарға, сыртқы сатыларға және өрт сөндіру су көздеріне апаратын жолдар мен кіреберістердің әрдайым жарамды күйде болып, арнайы техниканың еркін өтуіне кедергісіз болуы міндеттелген. Яғни, кез келген ауладағы жол өрт немесе басқа да апат жағдайында құтқару қызметтерінің кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беруге тиіс.

Соған қарамастан кейбір тұрғындар көліктерін аулаға кіреберіске, жедел шығу жолдарына немесе арнайы белгіленбеген орындарға ұзақ уақыт бойы қалдырып кетеді. Бұл төтенше жағдайлар қызметінің жұмысына бөгет болады. Мұндай кезде автокөлік иесі дереу анықталып, кедергі жойылуы керек. Ал егер көлік иесі табылмаса және төтенше оқиға адам өміріне қауіп төндірсе, тиісті қызметтер заң аясында шара қолдануға мәжбүр болады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай құқық бұзу дерегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабының 3-бөлігі бойынша қаралады. Яғни, жолдың жүріс бөлігінде көлік құралдарын тоқтату немесе қою қағидаларын бұзып, басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтірген жағдайда кінәлі тұлғаға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Ресми деректерге сәйкес, биылдың өзінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында көлік құралдарын тоқтату және қою ережелерін бұзып, өзге көліктердің қозғалысына кедергі келтіргені үшін 270-тен астам жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылған. Бұл статистика мәселенің әлі де өзекті екенін көрсетеді.

Сонымен қатар аулаға кіреберісте орнатылған шлагбаумдар да арнайы техникалардың кіріп-шығуына кедергі. Бұған дейін Өскемен әкімдігі аулаға бөгет қою заңсыз екенін ескертіп, жауапты орган өкілдері бұл мәселені күн тәртібіне қойған. Қала әкімі Алмат Ақышов пәтер иелерінің кооперативі (ПИК) және мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) өкілдерімен кездескенде ауланы қоршап, басқалардың жүруіне кедергі келтірген адамдар жауапқа тартылатынын айтқан.

Бұл менің жерім, басқа ешкім мұнда көлігін қоймасын деп айтқан тұрғындарды өзім келіп жауапқа тартамын. Өткенде қаладағы аулалардың бірінде екі ағаштың арасына арқан тартып, “ешкімнің кіріп-шығуына рұқсат жоқ” деген адамдарды көрдім. Ондайға мүлде жол берілмесін. Баршаға ортақ ауланы ешкімнің қоршап алуына, жолды бөгеуіне рұқсат жоқ, – деп шегелеп тұрып ескерткен.

Алайда бұл мәселе түбегейлі шешімін тапқан жоқ. Құзырлы органдар арнайы рейд жүргізіп, тиісті шара қолданғанмен ауланы қоршап алу, жолды бөгеп тастау сияқты заңсыз әрекеттерге тыйым болмай тұр. Кейбір тұрғындар өз ауласына өзі кіре алмай қалатын сәттер де кездеседі.

Фото: ШҚО ТЖД

Өскемендегі Оралхан Бөкей көшесі, 20-үйдің Мұратхан есімді тұрғыны осыдан 3 жыл бұрын қала әкімдігінің өкілдері аулаға кіреберіске қойылған шлагбаумды алдыртып тастағанын айтады. Бірақ көп ұзамай қоршау қайта пайда болған.

2023 жылы қала әкімі өзі келіп ауланың аузындағы шлагбаумды алдыртып тастаған. Көп уақыт өтпей тұрғындар жаңасын қайта орнатып қойды. Бәлкім тұрғын аумаққа бөтен көліктер кірмесін, ластамасын, балаларға қауіпсіз болсын деп қойған шығар. Дегенмен шлагбаумның кедергісі көп. Мәселен, кейде түн ортасында жедел жәрдем шақыруға тура келеді. Ал олар аулаға кіре алмайды. Өзіңде пульт болмаса көршілерге өтініш айтасың. Үйдің ватсап тобына жазасың. Түннің бір уағында оны кім оқиды?! Ал өрт болса ше? Өрт сөндіру көлігі қалай кіреді? Меніңше ауланың аузына бөгет қойған дұрыс емес, тіпті қауіпті деуге болады, – деді тұрғын.

Бұл пікірді төтенше жағдайлар қызметі мамандары да құптады. Құтқару қызметінің өкілдері аулалар мен кіреберістерге шлагбаум орнату, көлікті бейберекет қою, арнайы белгіленген тұрақ орындарын пайдаланбау төтенше жағдай кезінде арнайы техниканың жұмысына кедергі болатынын ескертеді. Ал төтенше жағдай кезінде бөгелген әр минут орны толмас қайғылы жайтқа әкелуі мүмкін.

Тегтер: F16ҚауіпсіздікӨскеменПолицияШҚОШҚО ТЖД
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған