18 сәуір, яғни сенбі күні Өскемен қаласының бірнеше шағын ауданында дәстүрлі жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Шаһар тұрғындары мен қонақтары сиыр, жылғы, қой етін, сүт және нан өнімдерін, бал мен шұжық түрлерін қолжетімді бағада ала алады.
Жәрмеңкелер 18 сәуір күні сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін қаладағы бес алаңда болады:
- «Алтай» көтерме-тарату орталығының аумағында (Жібек Жолы көшесі, 44);
- «Дос Нар» СҮ (Виноградов көшесі, 17а);
- «Керуен» СҮ (О. Бөкей көшесі, 3)
- «Валентина» СҮ (Шаяхметов көшесі, 13)
- Прохладный шағын ауданы (Бажов көшесі, 331/2).




