F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Самар ауданында бұғы шаруашылығы ашылады

admin_f16 admin_f16
14.02.2025, 17:51
Басты

Самар ауданында туризмді дамыту мақсатында марал шаруашылығы ашылады. Сонымен қатар пантымен емдеу шипажайы жұмысын бастайды екен. Бұл туралы Самар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Абылғазыұлы мәлім етті. 

Оның айтуынша, шаруашылық тек марал шаруашылығымен қатар, мал шаруашылығымен де айналысады. 

 – «Almas UK» ЖШС Самар ауданының аумағында ірі қара, ұсақ мал және марал шаруашылығымен айналысуды жоспарлап отыр. Сол арқылы сүт, ет өнімдерін шығаруды да қолға алмақшы. Қазір құжат жұмыстарын реттеп жатыр.  Жоспар бойынша 200 бас марал, 300 бас ірі қара және 300 бас ұсақ мал сатып алу жоспарлануда. Сонымен қатар 30-дан астам адамды тұрақты жұмыспен және 50 адамды уақытша жұмыспен қамтамасыз етеді. Тағы бір ерекшелігі шаруашылық туризмді дамыту мақсатында жылдың төрт мезгілінде де жұмыс істейтін пантымен емдеу шипажайын ашады. Онда ауданымызға келетін туристердің қатары да арта түспекші. Оның үстіне экономикамызға да түсетін түсім бар. Сондықтан бұл жоба біз үшін пайдалы болмақшы, – дейді Бауыржан Абылғазыұлы.

Аталған шаруашылық жұмысын бастаса, жергілікті тұрғындарға жұмыс болары хақ. Қайта құрылған ауданның экономикасына да айтарлықтай серпін беріп, туризмін түлетері даусыз. 

Марал шаруашылығы Самар ауданына жат емес. Бұған дейін де болған. Өкініштісі, бұрынғы шаруашылық иесі белгілі себептермен шаруашылығын тоқтатқан. Кейін сол жердегі қоршау материалдары ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кеткен. Әйтпесе, бұрындары оның да аты дүркіреп тұрды. Тіпті сол жерде жұмыс істеген тұрғындар сол кездегі марал шаруашылығының жабылып қалғанына қатты қынжылыпты. 

— Шынымен де, марал шаруашылығы бір кездері жұмысы қызып тұрды. Сол жерде 10 жылдан астам уақыт жұмыс істедім. 30-ға жуық жұмысшы болдық. 6 паркі бар. Қазір соның екеуі ғана қалды. Жұмыс істеп тұрғанда мұнда шипажай болған. Күніне 60 адам қабылдап тұрған. Маралдардың саны 1200-ден асып, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ең көп марал осы Самар өңірінде болды. Қазір жабылып қалғанын көріп жүрегім ауырады. Меніңше, жұмысты биылдан бастап кеткен жөн. Анда әлі екі парк бар. Сонымен бастап кетуге болады. Бізге де тұрақты жұмыс болушы еді. Ауылда жастар бос жүр, – дейді Шұбарқайың ауылының тұрғыны Ержан Байзақов.

Осы орайда айта кететіні, жуықта ауданның тұрғындары мен шаруа қожалық иелері аталған аумақтағы шабындық жерлерді шауып, игіліктеріне пайдалансақ деген ұсыныс айтқан болатын. Алайда Самар аудандық жер қатынастары бөлімі бұның заңсыз екенін айтты. 

«Шығыс Қазақстан облыстық сотының «Жер учаскесін Самар ауданының арнайы жер қорына қайтару» қаулыларының негізінде, Мараленок ЖШС жалпы ауданы – 5232,0 га құрайтын жер учаскесі ауданның жер қорына қайтарылды. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабына сәйкес, құқық беру құжаттамасынсыз және шекаралар белгіленгенге дейінжер учаскесін пайдалануға тыйым салынады», – делінген аудандық Жер қатынастары бөлімінің ұсынған ақпаратында. 

Қорыта айтқанда, ауданның қазынасына қаражат құйылып, тұрғындарына тұрақты жұмыстың болғаны жақсы. Ол үшін осындай жұмыс орындары мен инвестор ауадай қажет.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да ақ халатты абзал жандар ардақталды

ШҚО-да ақ халатты абзал жандар ардақталды

16.06.2025, 14:58
ШҚО бюджеті 27 миллиард теңгеге қысқарды

ШҚО бюджеті 27 миллиард теңгеге қысқарды

12.06.2025, 17:03
Өскемен, Зайсан мен Тарбағатайда жаңа кинотеатрлар салынады

Өскемен, Зайсан мен Тарбағатайда жаңа кинотеатрлар салынады

12.06.2025, 11:28
Туристер үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауымыз қажет – облыс әкімі

Туристер үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауымыз қажет – облыс әкімі

11.06.2025, 11:30

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Өскемен» аллеясы абаттандырылатын болады

16.06.2025, 17:54

Экс-министрдің ұсталғаны туралы қауесетке байланысты қылмыстық іс қозғалды

16.06.2025, 17:22

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

16.06.2025, 17:21

Құтқарушылар туристерге арналған жаңа цифрлық жүйені таныстырды – ШҚО

16.06.2025, 17:05

Шығысқазақстандық зейнеткер Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

16.06.2025, 16:24

Жолда қалған 800 адамға медициналық көмек көрсетілді

16.06.2025, 16:14

40 градус ыстық: ШҚО тұрғындарына ескерту жарияланды

16.06.2025, 15:44

ШҚО-да ақ халатты абзал жандар ардақталды

16.06.2025, 14:58

Полицейлер донор болып, қан тапсырды – ШҚО

16.06.2025, 14:20

Көлік терезесінен қол шығарсаңыз, айыппұл арқалайсыз

16.06.2025, 12:05

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған