Алдағы күндері елімізде күн күрт жылынып, ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтардың жұртын әбігерген салған қарлы жауынның соңы жаймашуақтанып, жаздың белгілері біліне бастайды, деп хабарлайды F16.kz.
«Қазгидромет» РМК болжамынша, Скандинавия антициклоны әсерінен еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында жауын-шашынсыз, бірақ салыстырмалы түрде салқын ауа райы сақталады. Ауа массаларының өзгеруіне байланысты температура біртіндеп жоғарылайды.
Елдің батысы мен оңтүстігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік өңірлердің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жаууы ықтимал, сонымен қатар жел күшейеді. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін.
Күндізгі ауа температурасы өңірлер бойынша келесідей болады:
– Батыс, солтүстік және орталық аймақтарда – +15…+23°С,
– Шығыс өңірінде – +10…+18°С,
–Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда – +17…+28°С.




