Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумы аясында өткен Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties атты панелдік сессияға қатысты, деп хабарлайды Ақорда.
Халықаралық деңгейдегі маңызды алаңда ұйымдастырылған жиынды Мевлют Чавушоғлы жүргізді. Түркия Парламентінің депутаты, елдің бұрынғы сыртқы істер министрі модератор ретінде қатысушылар арасындағы сұхбатты жүргізіп отырды.
Аталған сессияда жаһандық сын-қатерлер, халықаралық қауіпсіздік және тұрақсыздық жағдайында болашақты болжау мәселелері талқыланды.




