Шығыс Қазақстан облысының аумағында ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің заңсыз айналымына тосқауыл қоюға бағытталған «Тосқауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, деп хабарлайды F16.kz.
Ұлан ауданының тасжолдарында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында ветеринариялық-санитарлық қағидаларды бұзудың 9 фактісі анықталды.
6 ірі қара мал тушасы мен 3 бас қойды заңсыз тасымалдағандар ұсталды. Анықталған барлық жағдай бойынша материалдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабына сәйкес процестік шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті ет өнімдерін бақылаусыз тасымалдау халық үшін тікелей санитарлық қауіп төндіретінін ескертеді.




