Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған «Мобильді прокурор: Азамат» мобильді қосымшасы енгізілді, деп хабарлайды F16.kz.

Жаңа сервис арқылы кәсіпкерлер құқық бұзу фактілері туралы нақты уақыт режимінде хабарлап, уәкілетті органдарға жедел түрде өтініш жолдай алады. Бұл өз кезегінде кері байланысты жедел орнатып, туындаған мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, бұл қосымша бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл арнасы ретінде жұмыс істеп, тиімділігін көрсетіп отыр.
Жауапты органдар кәсіпкерлерді өз құқығын қорғау және мемлекеттік құрылымдармен ашық диалог орнату үшін аталған сервисті белсенді пайдалануға шақырады.




