Өскеменде Малдыбаев көшесінен Геологическая көшесіне дейінгі аралықта жүргізілген орташа жол жөндеу жұмысы аяқталды, деп хабарлайды F16.kz.
Жоба аясында жол жабыны жаңартылып, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен тұрғындар жайлылығының артуына айтарлықтай септігін тигізеді.
Қаланың жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады, – деді қала әкімі Алмат Ақышов.
Айта кетейік, қалада жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 42 учаскеде жалпы ұзындығы 52 шақырым болатын орташа жол жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталды.
Бюджеттегі барлық қажетсіз шығындарды барынша қысқартып, қаражатты жолдарды жөндеуге бағыттаймыз. Осы қарқынмен 70–80 шақырым жол жөндеуді жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта қала жолдарының сапасын жақсаруға басымдық беріледі, — деді шаһар басшысы.
Сондай-ақ әкім 2025 жылы жөнделген жолдар қазір қалыпты жағдайда екенін, мердігер ұйымдар тарапынан 5 жыл кепілдік берілетінін айтты. Дегенмен жол сапасына қатысты тұрғындар айтқан сын-пікірлерді ескеру қажеттігін де атап өтті.
Көріп отырсыздар, тұрғындар жол сапасына қатысты көп сын айтып жатыр. Меніңше жол сапасын тек жауапты органдар емес, қоғам өкілдері де тексеруі керек. Құрылыс саласын түсінетін адамдарды да осы жұмысқа тарту қажет, – деді әкім.




