F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ерекше балалар – ерекше назарда: Өскеменде инклюзивті білім берудің болашағы талқыланды

F16 F16
23.04.2026, 17:40
Білім мен ілім, Жаңалықтар, Өскемен
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Облыс орталығында «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдаудың кешенді тәсілі: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» тақырыбында екі күндік республикалық семинар өтті. Іс-шараның алғашқы күні Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті базасында ұйымдастырылды, деп хабарлайды F16.kz.

Семинарға Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, білім беру басқармалары мен әдістемелік орталықтардың мамандары, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар мен аутизм орталықтарының жетекшілері, сондай-ақ еліміздің түрлі өңірінен келген мектеп директорлары мен арнайы педагогтар қатысты. Жалпы қатысушылар саны 200-ден асты.

Фото: F16.kz

Шараны «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік білім беруді ақпараттандыру және дамыту орталығы ұйымдастырды.

Өңірде бүгінде ерекше білім беру қажеттілігі бар 13 мыңнан астам бала тіркелген. Семинар барысында осы бағыттағы облыстың тәжірибесі таныстырылып, Астана мен Қарағанды қалаларынан келген спикерлер өз тәжірибелерімен бөліседі, – деді орталық директорының орынбасары Ардақ Көбентаева мәлімдеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға кешенді қолдау көрсетуде командалық тәсілді дамыту және білім беру, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау салалары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту.

Фото: F16.kz

Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші ғылыми қызметкері Гүлбаршын Ноғайбаева инклюзивті білім беруде білім саласының ғана емес, барлық жауапты органдардың рөлі жоғары екенін айтты.

Инклюзивті білім беру мәселесінде білім берумен қатар денсаулық сақтау саласының, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін өзге де мемлекеттік органдардың рөлі маңызды. Негізгі назар әрдайым балаға аударылғанымен, педагог өз қиындықтарымен жалғыз қалмауға тиіс. Себебі мұндай балалармен жұмыс барысында түрлі кедергілер кездеседі, – деді Гүлбаршын Ноғайбаева.

Семинарда академия әзірлеген инклюзивті білім беру бойынша педагогке арналған әдістемелік навигатор таныстырылды.

Шымкент қаласынан келген делегация құрамында семинарға қатысқан №18 мектеп директоры Фарида Мырхеева мұндай кездесулердің тәжірибе алмасу алаңы ретіндегі маңызын атап өтті.

Біз ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған семинарға алты адамнан тұратын делегация құрамында келдік. Біздің басты мақсат – ерекше балаларды қолдау, оларға қажетті көмек көрсетіп, психологиялық жәрдем беру. Бұл жерде қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, балалардың даму ерекшеліктері мен олармен жұмыс істеу тәсілдерін талқылады, – деді Фарида Мырхеева.

Шымкенттен келген қонақ балалардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау, олардың жетістікке жетуіне көмектесіп, өзіне деген сенімін арттыру қаншалықты маңызды екенін тілге тиек етті.

Біздің қалада ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау жоғары деңгейде жүргізіледі. Барлық мектептерде тиісті жағдай жасалған, балалар тұрғылықты жері бойынша білім беру ұйымдарына бара алады. Әр мектепте логопед топтары жұмыс істейді, сондай-ақ инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері ашылған, бұл жұмыс белсенді түрде жалғасып жатыр, – деп қосты ол.

Семинар аясында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытатын орталықтар мен мектептердің көрмесі ұйымдастырылды. Онда педагогтердің жетекшілігімен жасаған оқушылардың түрлі шығармашылық жұмысы ұсынылды.

Фото: F16.kz

Өңірдегі арнайы мектептердің бірінің мұғалімі Маржан Әуелбекова оқушылардың сүйек, ағаш өңдеу, тігін, тоқу және гүл өсіру бағыттарында білім алатынын атап өтті.

Бұл жұмыстардың барлығын біздің арнайы мектеп оқушылары мұғалімнің көмегімен жасаған. Атап айтқанда, олар ірі қара малдың жауырын, асықты жілік, кәрі жілік, жамбас сүйектері сияқты бөліктерін пайдаланып, сүйектен түрлі базарлықтар жасайды. Мектепте ағаш өңдеу, слесарлық іс, тоқу, тігін және гүл өсіру бағыттары бойынша білім беріледі, – деді №8 арнайы мектеп-интернатының еңбекке баулу пәні мұғалімі Маржан Әуелбекова.

Айта кетейік, республикалық семинар Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген инклюзивті қоғам қалыптастыру міндеттері мен 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар сәуір айы әлемде аутизм мәселелері туралы ақпарат тарату айы ретінде белгіленген, бұл талқыланып отырған тақырыптың өзектілігін арттыра түседі.

Тегтер: F16Білімерекше балаларинклюзивті білімреспубликалық семинарШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәдени ынтымақтастығына қатысты жаңа жобалар талқыланды

Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәдени ынтымақтастығына қатысты жаңа жобалар талқыланды

23.04.2026, 18:50
ШҚО-да 62 адам екпе алудан бас тартқан: мамандар себебін айтты

ШҚО-да 62 адам екпе алудан бас тартқан: мамандар себебін айтты

23.04.2026, 18:09
Вакцина жеткізуде іркілістер болды — ШҚО

Вакцина жеткізуде іркілістер болды — ШҚО

23.04.2026, 17:56
ШҚО-да тұрғын үй құрылысын дамыту тетіктері талқыланды

ШҚО-да тұрғын үй құрылысын дамыту тетіктері талқыланды

23.04.2026, 16:47

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәдени ынтымақтастығына қатысты жаңа жобалар талқыланды

23.04.2026, 18:50

ШҚО-да 62 адам екпе алудан бас тартқан: мамандар себебін айтты

23.04.2026, 18:09

Вакцина жеткізуде іркілістер болды — ШҚО

23.04.2026, 17:56

Ерекше балалар – ерекше назарда: Өскеменде инклюзивті білім берудің болашағы талқыланды

23.04.2026, 17:40

ШҚО-да тұрғын үй құрылысын дамыту тетіктері талқыланды

23.04.2026, 16:47

Халықаралық ұйымдар Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдады

23.04.2026, 16:07

Күршімде қамыстан жылу сақтайтын құрылыс материалдары өндіріліп жатыр

23.04.2026, 15:27

Қытайдан Самарға туристік сапар ұйымдастырылуы мүмкін

23.04.2026, 15:08

Өскемендегі сарбаз өлімі: лауазымды тұлғалар қысым көрсеткені анықталды

23.04.2026, 14:30

Өскемендік оқушы халықаралық Менделеев олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

23.04.2026, 12:57

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған