Алтай ауданы Маяк ауылында шұжық өнімдері, еттен дайындалған жартылай фабрикаттар мен консервілер өндіріледі, деп хабарлайды F16.kz.
Сергей Бушнев басшылық ететін «Алтай Эко» ӘКК 2024 жыл «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын несие алған.
Кәсіпорын мемлекеттің қолдауымен 60 ай мерзімге 28,5 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. 2025 жылы наурыз айында шұжық өнімдерімен ет консервілерін өндіруге арналған жабдықтар салып алып алып, өнідіріс іске қосылды. Қазіргі таңда аудан экономикасына оң әсерін беретін цех табысты жұмыс істеп тұр, — дейді Алтай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Ерік Ерболатов.
Цехтың жылына 360 тоннаға дейін шұжық өнімдері мен ет жартылай фабрикаттарын және 864 мың банкіге дейін ет консервілерін шығарады.
Ал, өндірілген өнімді жергілікті сауда нүктелерінен табуға болады.




