Өскемендегі 27943 әскери бөлімі базасында өткен облыстық SHYGYS AIBYNY-2026 әскери-патриоттық жиыны өз мәресіне жетті. Биыл әскери сайысқа өңірдің қала-аудандарынан барлығы 13 команда қатысты, деп хабарлайды F16.kz.
Бір күнге созылған дүбірлі бәсеке нәтижесінде «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан командалар анықталды. Әскери-патриоттық жиында үздік нәтиже көрсетіп, жауынгерлік рух пен жоғары шеберліктерін паш еткен Риддер қаласының «Бүркіт» командасы үшінші орынды жеңіп алды. Жүлделі екінші орын шекара түбіндегі Зайсан ауданынан келген «Жас қыран» жастарына бұйырды. Ал чемпиондық атақ пен республикалық (халықаралық) кезеңге берілетін жолдаманы Ұлан ауданының «Ұлан айбын» командасы иеленді.




