F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Телекөпір: Шығыс Қазақстанда 250 мыңдай көшет егіліп, 30 мың тонна қоқыс шығарылды

F16 F16
25.04.2026, 12:34
Жаңалықтар, Өскемен, Экология
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы кең ауқымда жүзеге асырылды. Бір уақытта өңірдің барлық елді мекенінде адамдар жалпыұлттық бастамаға атсалысып, береке—бірлік пен тазалықтың жарқын үлгісін көрсетті. Ортақ іске 100 мыңнан астам адам жұмылды, деп хабарлайды F16.kz.  

«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен республикалық телекөпір өтті. Еліміздің барлық облыс-қалалары қатысқан телекөпірде игі бастаманың өңірлерде іске асырылу барысы, нәтижесі туралы айтылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тазалық өркениетті қоғамның басты көрсеткіші екенін атап өтті.

Фото: Ақорда

Халқымыз ежелден «тазалық» ұғымына ерекше мән берген. Жұртымыз «таза» сөзін кең мағынада қолданады. Мысалы, арлы, ниеті түзу, адал адам туралы айтқан кезде «ары таза, ойы таза, жүрегі таза» адам деп сипаттаған. Бабаларымыз әрдайым табиғатпен етене байланыста өмір сүрген, қоршаған ортаны қорғау қастерлі міндет деп санаған. «Обал болады» деп, жас ұрпақты табиғатқа ешқандай зиян келтірмеуге үйреткен. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, Жер-Анаға жанашыр жүрекпен қарауға тәрбиелеген. Міне, бүгін де тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке, қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр. «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы – соның айқын көрінісі. Тазалық – өркениетті қоғамның айнасы, дамуға ұмтылған кез келген елдің мызғымас ұстанымы. Ақ пейілмен, түзу ниетпен қолға алған әрбір іс берекелі болады. «Таза Қазақстан» – дәл осындай бірегей бастама. Бұл жоба миллиондаған отаншыл азаматымыздың адал еңбегінің арқасында жалпыхалықтық қозғалысқа айналды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы акцияға атсалысқан отандастарымызға, әсіресе, жастарға ризашылығын білдірді.

«Таза Қазақстанның» негізгі қозғаушы күші және арқауы жастар десек, артық болмайды. Ұл-қыздарымыз ортақ іске белсене атсалысып, жауапкершіліктің тамаша үлгісін көрсетіп жүр. Бүгінгі маңызды іс-шараға жасампаз әрі жаңашыл жастар қатысып отыр. Еліміздің жарқын болашағы – сіздер сияқты рухы мықты, отаншыл, ерік-жігері күшті азаматтардың қолында. Түптеп келгенде, біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Барымыз да, басты байлығымыз да – қастерлі Отанымыз Қазақстан. Сондықтан қасиетті жеріміздің, киелі еліміздің Озық, Қауіпсіз, Күшті әрі Таза болғаны тек бізге ғана керек. Осыны дұрыс түсінген абзал. Бұл жобаның түпкі мәні – табиғатты аялау, тазалық пен тәртіпті дәріптеу, саналы ұрпақ тәрбиелеп, сапалы ұлт қалыптастыру, – деді Президент.

Фото: Ақорда

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәдениетті қалыптастыру ісінде білім жүйесіне баса мән беруді маңызды мәселе ретінде атады

Тазалықтың тірегі – тәрбие. Балаларды экологиялық мәдениет пен еңбекке мектеп жасынан баулу қажет. Сондықтан экологиялық акцияларға оқушылар мен студенттердің белсене қатысқаны жөн. Осыған орай, Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырамын. Білім ордаларында суды және қуат көзін үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау ісін дәріптейтін бастамаларды қолға алу қажет. Сондай-ақ оқушылар мен студенттердің экология мәселесіне арналған ғылыми ізденістеріне жан-жақты қолдау көрсету керек. «Таза Қазақстан» халқымызды жаңа сапалық деңгейге көтеретін ұлттық идея болуға тиіс. Оны қоғамда терең орнықтыру үшін мәдениет саласының, әсіресе, креативті индустрияның әлеуетін барынша пайдаланған жөн. Еңбекқорлық, ұқыптылық, адалдық, жасампаздық құндылықтары фильмдер, сериалдар арқылы да насихатталуға тиіс. Бұл жұмыста бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желінің де мүмкіндігін дұрыс қолдану керек, – деді Мемлекет басшысы.

Президент қазір елімізде түбегейлі өзгерістерді қолға алынып, ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.

Наурыз айында өткен республикалық референдумда жаңа Конституциямызды қабылдадық. Осылайша, ел тарихының жаңа парағын аштық. Біздің түпкі мақсатымыз – «Заң мен тәртіп» қағидаты берік орныққан қауіпсіз және әділетті қоғам құру. Жас ұрпаққа, яғни сіздерге өркениетті, беделді, дамыған мемлекетті аманат етіп қалдыру. Осы жолда бәріміз табанды еңбек етуіміз керек. Ал Отанға қызмет қарапайым дүниелерден басталады. Тал егу, айналаңды таза ұстау арқылы елге пайдалы болуға, яғни ұлтқа қызмет етуге болады. Мен жастардың, еріктілердің елімізді көркейтуге қосқан орасан зор үлесін жоғары бағалаймын. Адал еңбектеріңізді ерекше құрметке лайық деп санаймын. Тазалық – ең алдымен, ішкі мәдениеттің өлшемі. Ой-ниеті және ары таза адам ешкімге ешқашан қиянат жасамайды, ондай адам елін де сатпайды. Тәртіпке бағынып, түзу жолдан да адаспайды. Айналасына қамқор, жақындарына жанашыр болады. Елдің көшін алға бастап, ұлт сапасын жақсартуға атсалысады. Мен бәріңізді дәл осындай азамат деп есептеймін. Баршаңызға тағы да сәттілік тілеймін! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Президент қатысуымен өткен телекөпірге Шығыс Қазақстан облысы да қосылды. Өскемендегі «Үлбі металлургия зауытынан» тікелей байланысқа шыққан Шығыс жұртының атынан облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов сөз сөйлеп, кейінгі екі жылда «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылған жұмыстың барысын баян етті.

Облыс елді мекендерінде 250 мыңға жуық, ал орман қорында 40 миллиондай көшет бар. Сонымен қатар 30 мың тонна тұрмыстық қалдық шығарылып, 7000 гектар аумақ тазартылды. «Мөлдір бұлақ» акциясы арқылы 200-ден астам бұлақ пен өзеннің көзі ашылды. Биыл елді мекендерді қоса алғанда 18 миллионға жуық көшет егу жоспарланған. Төр Алтай жұрты «Таза Қазақстан» жобасын жоғары деңгейде іске асыруға бар күш-жігерін жұмсайды, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Сонымен қатар аймақ башысы «Таза Қазақстан» акциясы Шығыс Қазақстанда жай ғана науқан емес, туған жерге жанашырлықпен қараудың тұрақты дағдысына айналғанын атап өтті.

«Үлбі металлургия зауытының» басқарма төрағасы Сергей Бежецкий өңірдегі іргелі кәсіпорындар экологиялық ахуалды жақсартуға барынша үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Кәсіпорын өндірістік тиімділікті арттыра отырып, экологиялық әсерді азайтуға күш салып келеді: ауа тазарту жүйесінің тиімділігі 99%-ға дейін жеткен, жыл сайын 30 мыңнан астам талдау жүргізіледі, ал өндірістік қалдықтар мен су төгінділері бойынша мониторинг қоғам үшін ашық. Зауыт ұжымы соңғы екі жылда 20 мыңнан астам ағаш отырғызып, 22 экологиялық акция ұйымдастырған. Бүгін кәсіпорын қызметкерлері 500 еріктімен бірге қала көшелерін көгалдандырып, мыңға жуық ағаш егуде, — деді басқарма төрағасы.

ДЕРЕКТЕР НЕ ДЕЙДІ?

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы акция аясында 884 мың тоннадан астам қалдық жиналып, 1,1 миллион гектар аумақ тазартылды. Игі бастама 6,9 миллионға жуық адам қатысып, оның ішінде 781 мың ерікті белсенді еңбек етті. Жалпы саны 1200-ден астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылған.

Биылғы көктем шыққалы 795 мың тонна қоқыс жиналып, 1 миллион гектардан астам жер тазартылды. Қатысушылар саны 6,4 миллионнан асты.

Шығыс Қазақстан облысында:

2025 жылы экологиялық бастамаға 150 мыңға жуық адам қатысқан. Нәтижесінде 1,6 мың гектарға жуық аумақ тазартылып, 3,8 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Елді мекендерде 138 мың, орман қоры аумағында 16 миллион көшет егілді.

2026 жылы өңірде 32 мыңнан астам тұрғыны қосылды. Ортақ күш-жігердің арқасында 1100 гектар аумақ тазартылып, 750 тоннадан астам қалдық шығарылды.

Тегтер: F16ӨскеменПрезидентСақтағановТаза ҚазақстантелекөпірТоқаевҮлбі металлургия зауытыШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27.04.2026, 15:22
Өзен трамвайлары жаңа маусымға дайындалып жатыр – Өскемен

Өзен трамвайлары жаңа маусымға дайындалып жатыр – Өскемен

27.04.2026, 15:01
Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

27.04.2026, 14:30
Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

27.04.2026, 14:00

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27.04.2026, 15:22

Өзен трамвайлары жаңа маусымға дайындалып жатыр – Өскемен

27.04.2026, 15:01

Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

27.04.2026, 14:30

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

27.04.2026, 14:00

Арбатта тұрғындарға тегін құқықтық және қаржылық кеңес береді

27.04.2026, 12:41

Үлкен Нарында 4 мыңнан астам тұрғын сенбілікке қатысты

27.04.2026, 12:23

Өскемендегі екі деңгейлі эстакада құрылысы 25 қазанда аяқталады

27.04.2026, 11:53

Ахмерде биыл алты көше жөнделеді

27.04.2026, 11:29

Бас прокурор Қазақстандағы Америка сауда палатасы өкілдерімен және ірі инвесторлармен кездесті

27.04.2026, 10:55

ШҚО-да тағы күн суытады

27.04.2026, 10:19

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған