Шығыстың бас шаһарындағы Республика алаңында «Достық толқынында — 2026» студенттер фестивалі өтеді. Өскемендік жастардың басын қосатын бұл мерекелік іс-шара биылғы 1 мамырда, кешкі сағат 18.00-де орталық алаңдағы субұрқақ жанын ұйымдастырылады, деп хабарлайды F16.kz.
Фестиваль қала жастарын біріктіріп, естен кетпес ерекше сәттер сыйлап қана қоймай, студенттердің шығармашылық әлеуетін танытуға мүмкіндік беретін алаңға айналмақ.
Іс-шара барысында қатысушылар көрермендерге тамаша қойылымдар көрсетіп, ән айтып, би билейді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қонақтарды жанды музыка, әсерлі би мен көтеріңкі көңіл-күй күтіп тұр.
Фестивальге кіру тегін.





