Шығыс Қазақстан облысында 20 сәуірден бастап өңірлік автокөлік жолдарының жай-күйіне кешенді тексеру басталды, деп хабарлайды F16.kz.
Тексеру шараларын ШҚО полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы «ҚАЖсервис» ЖШС және «ОблШығысЖол» ЖШС мамандарымен бірлесіп жүзеге асырып жатыр.
Мамандардың айтуынша, көктемгі мониторинг барысында республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың техникалық жағдайы жан-жақты қаралады. Негізгі назар жол қозғалысын реттейтін белгілердің жай-күйіне, олардың толықтығына және қолданыстағы талаптарға сәйкестігіне аударылып отыр.
Сонымен қатар қыстан кейін жолда пайда болуы мүмкін шұңқырларды анықтау мақсатында тиісті тексеру жүргізіледі. Бұдан бөлек, жол белгілері, қоршау құрылғылары мен жол жиегінің жағдайы бағаланады, — делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Тексеру нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті шаралар қабылданады.




