F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО: «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүйелі жүзеге асып жатыр ма?

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
29.04.2026, 16:21
Жаңалықтар
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Облыс әкімдігінде ауыл тұрғындарының табысын арттыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, ауылдық жерлерді нығайтуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы мен нәтижесі талқыланды, деп хабарлайды F16.kz.

Жиынға Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов, аудан әкімдері мен «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысты.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Шалғайдағы елді мекендердің экономикалық әлеуетін күшейту мақсатында қолға алынған бағдарлама бүгінде нақты нәтижелер көрсетіп отыр.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қаджибекованың айтуынша, аталмыш бағдарлама аясында өңірге 4 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылып, шамамен 400 жоба қаржыландырылған. 2023 жылы қаражаттың негізгі бөлігі мал шаруашылығын дамытуға бағытталған.

2024 жылдан бастап қаржыландырудың басым бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, туризмді дамыту, техникалар мен жабдықтар сатып алуға бөліне бастады. Нақтырақ айтқанда, 72 жоба мақұлданды, — деп атап өтті басқарма басшысы.

Басқосу барысында Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов «Ауыл аманаты» бағдарламасының маңызына тоқталды. Оның айтуынша, қазір ауыл шаруашылығын өнімдерін өндіруге өңірдің әлеуеті толық жетеді. Аталған бағдарлама аясында, мемлекеттен берілген қолдауды пайдалана отырып, ауылдағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қажет.

Президент неге ауыл шаруашылығы саласына баса назар аударып, осындай жеңілдетілген бағдарламалар қолға алынып отыр? Себебі, ауылдан халық жаппай көшіп жатыр және біз оны тоқтата алмай отырмыз. Жұмыс істеліп жатыр, оның нәтижесі болуға тиіс. Ауылда мектеп жұмыс істеп тұрса, халықтың айналысып отырған кәсібі, табысы болса азаматтар ауылда тұрақтайды. Ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынған деректерге сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында тауық жұмыртқасы мен сүзбе халық сұранысының тек 33%-ын жабады, импорт үлесі 67%-ға тең. Балқытылған ірімшікпен — 12%, қатты ірімшікпен — 6%, сүтпен 63% қамтылып отыр. Бұл көрсеткіштерді өсіруге өңірдің әлеуеті жетеді. Тек халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, — деді Ералы Тоғжанов.

Осы ретте Премьер-министрдің кеңесшісі ауылдағы шаруа қожалықтарының бірін мысал етті.

Шағын ғана ауылдың тұрғыны 400 тауық асырап, күніне 360 жұмыртқа алып отыр. Осындай күнделікті шаруашылығын табыс көзіне айналдырған тұрғындарды өзге де аудандарға үлгі етуге болады. Өзімізден шығатын өнімдерді нарыққа шығару қажет, — деді ол.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында жақсы нәтиже көрсетіп отырған аймақтардың бірі — Үлкен Нарын ауданы. Аудан әкімінің айтуынша, 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 31 жоба мақұлданса, оның ішінде төртеуі қайта өңдеу бойынша қолға алынған.

Ауылда макарон өнімдері, консервіленген балық және сиыр етін, жартылай дайын тағамдар шығаратын жеке кәсіпкерлер бар. Ауданда бидай егеміз, яғни макарон өнімдері — толықтай жергілікті өнім деуге болады, — деді Елдос Байрахметов.

Сондай-ақ «Ауыл аманатының» туризм саласында жүзеге асырылу барысы да назардан тыс қалған жоқ. Мәселен, Катонқарағай ауданына өзге өңірден ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерден туристер жиі келіп, тамылжыған табиғатына таңдана қарайды. Қазір катонқарағайлық ағайын туристерді қарсы алу үшін дайындықты бастап кеткен.

2024 жылдан бастап ауданда туризм бағытына ден қойылып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіптер ашыла бастады. 2024-2025 жылдары аудан бойынша 24 жоба мақұлданса, оның 18-і туризм бағытында. Былтыр туристерді күтіп алу үшін 70 кемпинг, 15 киіз үй, 16 қонақ үй салынды. Туристер ағыны да жыл санап артып келеді, — деді аудан әкімі Данияр Дүйсембаев.

Ералы Тоғжанов Катонқарағай және Самар ауданы әкімдіктеріне турситерге ыңғайлы болу үшін  тамақтану орындарын ашуды қарастыруды тапсырды.

Шағын бизнес ашу — аудан экономикасына әсер етеді, туристерге де қолайлы болады. Сервисті де дамыту қажет. Ауылдағы ағайын ауласын табыс көзіне айналдырса – сіздердің жұмыстың нәтижесі, ауылға сырттан адам  көшіп келсе — – сіздердің жұмыстың нәтижесі, өз туған жерінен көшетіндер азайса – сіздердің жұмыстың нәтижесі. Нәтижеге жұмыс істеңіздер, — деп атап өтті ол.

Тегтер: Topауыл шаруашылығыКәсіпкерлікШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келе жатыр

Сенбі күні дәстүрлі жәрмеңке өтеді – Өскемен

30.04.2026, 14:33
Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өседі: қанша, қашан?

Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өседі: қанша, қашан?

30.04.2026, 12:44
Сенат бұралқы иттерге қатысты заңды Мәжіліске қайтарды

Сенат бұралқы иттерге қатысты заңды Мәжіліске қайтарды

30.04.2026, 12:26
Өскемен әуежайы миллиондаған айыппұл төледі

Өскемен әуежайы миллиондаған айыппұл төледі

30.04.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенбі күні дәстүрлі жәрмеңке өтеді – Өскемен

30.04.2026, 14:33

Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өседі: қанша, қашан?

30.04.2026, 12:44

Сенат бұралқы иттерге қатысты заңды Мәжіліске қайтарды

30.04.2026, 12:26

Өскемен әуежайы миллиондаған айыппұл төледі

30.04.2026, 11:20

Арбатта ашық микрофон: өскемендіктер соғыс әндерін оркестрмен орындайды

30.04.2026, 10:56

Кадр тапшылығына қарсы формула: Шығыста университет пен бизнес бірікті

30.04.2026, 10:31

Адамның бет-бейнесін жазбай таниды: ШҚО-да қоғамдық қауіпсіздікті жасанды интеллект қадағалайды

30.04.2026, 09:44

Мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді?

30.04.2026, 09:21

Өскеменде мамыр мерекелері қалай тойланады?

29.04.2026, 17:50

Елімізде 17 мың адамға рақымшылық жариялануы мүмкін

29.04.2026, 17:14

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған