F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шығыста орман алқабын дрондар бақылайды

F16 F16
30.04.2026, 17:48
Жаңалықтар, Төтенше жағдай
Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында күннің жылынуына байланысты өрт қауіпті кезеңнің ең белсенді фазасы басталды. Аймақтың табиғи ерекшелігі мен орман алқаптарының тығыздығын ескере отырып, биыл табиғи ресурстарды қорғау мен мониторинг жүргізу шаралары бұрын-соңды болмаған деңгейде күшейтілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мерхат Амиров егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды F16.kz.

Шығыс Қазақстан – еліміздегі орман қоры ең бай аймақтардың бірі. Облыстағы орман қорының жалпы аумағы 3 миллион гектар болса, оның 1,7 миллион гектары тікелей жасыл желекпен көмкерілген. Бұл орасан зор аумақ жергілікті атқарушы органдар мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қатаң бақылауында.

2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік орман қорында 27 өрт оқиғасы тіркеліп, 204 гектар жер отқа оранған болатын. Оның 13,1 гектары бағалы орман алқабы екенін ескерсек, биылғы алдын алу шараларының маңызы арта түседі, — деді Мерхат Амиров.

Қазір өрттің алдын алуға және күресуге 1 549 кәсіби орман күзеті қызметкері жұмылдырылған. Олардың техникалық әлеуеті де айтарлықтай: 437 арнайы өрт сөндіру техникасы мен 8 мыңнан астам қосымша құрал-жабдық толық дайындыққа келтірілген. Мерхат Амировтың айтуынша, биылғы басты жаңалық – мониторинг жүйесінің толық цифрландырылуы. Қазір өрт ошақтарын жедел анықтау және олардың таралу бағытын нақты уақыт режимінде бағалау үшін 36 ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) пайдаланылады. Бұл дрондар барлық орман шаруашылықтары мен жедел мониторинг топтары арасында тең бөлініп, жетуі қиын таулы алқаптарды бақылауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, орман алқаптарын әуеден патрульдеу жұмыстары «Қазавиалесқорғау» мекемесімен бірлесіп атқарылады. Әуе қызметі құрамында 16 кәсіби десант-өрт сөндіруші мен төрт ұшқыш-бақылаушы бар. Олар кез келген оқиға орнына жедел жетіп, тілсіз жауды бастапқы сатысында ауыздықтауға машықтанған. Техникалық базаны жаңарту мәселесі де жүйелі жолға қойылған. Кейінгі 7 жылда бұл мақсатқа бюджеттен 2,65 миллиард теңге бөлініп, заманауи техникалар сатып алынды. Ал 2025 жылы лизингтік бағдарлама аясында паркті толықтыру үшін тағы 122 жаңа техника алынған.

Биылғы жоспар бойынша тоғыз орман шаруашылығында өртті ерте анықтаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу көзделген. Бұл жүйе адам факторынсыз-ақ түтін мен отты алғашқы секундтарда байқап, дабыл қағады. Практикалық шаралар аясында 62 шақырым минералданған жаңа жолақтар салынып, бұрыннан бар 540 шақырымдық қорғаныс аумақтарына күтім жасау жұмысы жүргізілмек.

Бұған қоса орман маңында 239 ақпараттық тақта орнатылып, демалушылар мен жергілікті тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша ауқымды түсіндіру науқаны басталды. Мамандар тұрғындарды табиғат аясында абай болуға және кез келген түтін нышанын көрген жағдайда шұғыл қызметтерге хабарласуға шақырады.

Тегтер: F16Орманды қорғауөрт қауіпі жоғары кезеңӨрт қауіпсіздігітілсіз жаумен күрес
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған