F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Алтайдың қайсар малшысы Дулат Оралғазин еңбегімен елгі үлгі болып жүр

F16 F16
06.05.2026, 14:00
Ауыл шаруашылығы, Жаңалықтар, Катонқарағай
Фото: автордікі

Фото: автордікі

Елдің шығысында, шекара түбінде орын тепкен Аршаты ауылында атакәсіпті жаңғыртып жүрген жандардың бірі — «Нұртілеу» шаруа қожалығының иесі Дулат Оралғазин. F16.kz тілшісі Алтайдың асқар тауларын бетке алып, қарапайым еңбек адамының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Біз Аршатыдан шыққанда күн тастөбеге көтерілген. Әй бірақ, Алтайдың ауа райы мың құбылып тұратыны бар емес пе, әп сәтте көк аспанды қалың бұлт тұмшалап, табиғат қыңыр мінез таныта бастады. Бағытымыз – қойшының қыстағы. Аршатыдан шамамен 15-20 шақырым жерде орналасқан Жаңатал қыстауына жол тарттық.

Астымызда – жол талғамайтын «Нива». Тізгінінде – Өрел ауылдық округінің әкімі Марат Шарыпов. Жолсерік ретінде жанымызда тілші Ринат, ал Аршатыдан бізге қосылған аудандық мәслихаттың төрағасы Бейімбет Болаев ағамыз бар. Ол кісі бізді өз көлігімен қуып жетіп, сапарымызға серік болды.

Жол бойы Бейімбет пен Марат ағалар туған өлкенің тарихын тереңнен тарқатып, әр төбе мен жотаның, әр бұлақ пен өзеннің атауын жаңғыртып келеді. Екеуі де Аршатының тумасы болғандықтан, бұл өңірдің әрбір қырат-қырқасын, сай-саласын бес саусақтай біледі.

Көп ұзамай жол жиегіндегі ежелгі сақ қорғандары көзге шалынды. Одан әрі XIX ғасырдан сыр шертетін Дәулеттің зиратына тоқтадық. Арада екі ғасырға жуық уақыт өтсе де, қабырғалары әлі мызғымай тұр. Саман кірпішке қарағайдың бүршігін ұнтақтап араластырған бабалар даналығының белгісі іспетті. Табиғатпен үндескен сол құрылыс тәсілі мәңгілік мекенді уақыттың тозуынан сақтап қалғандай. Бұл – тарихтың үнсіз куәгерлері.

Жол ұзара берген сайын ауа райы да күрт өзгерді. Күн бұзылып, қар аралас жаңбыр жауды, арты ызғары сүйектен өтетін желге ұласты. Бірақ сапар қызығы тарқамады. Әңгіме тиегі ағытылып, өткен мен бүгінді жалғаған сырлы сәттермен бөлісе отырып, біз де діттеген жеріміз – Жаңатал қыстауына келіп жеттік.

Осы бір табиғаттың тылсым мінезі мен тарихтың терең ізі тоғысқан мекенде бізді өзгеше тағдыр иесі – қойшы Дулат Оралғазин күтіп отыр еді…

Алтайдың қойнауындағы Аршаты ауылы – табиғаттың қатал мінезі мен адам төзімінің тоғысқан тұсы. Осы бір тау мен тасты мекенді өмірінің мәніне айналдырған жандардың бірі – Дулат Оралғазин. Сүйегі – уақ. 1971 жылы осы ауылда дүниеге келген ол бар ғұмырын туған жерінде, мал бағумен өткізген.

Дулаттың балалық шағы да өзгеше өрілді. Ата-анасының емес,  нағашы апасы Алма Мұстафақызының қолында өсті. Аршатыдағы қарапайым ауыл тіршілігі, үлкеннің тәрбиесі, табиғатпен етене өмір – оның мінезін қалыптастырып, еңбекке ерте баулыды. Мектепті 1988 жылы бітірген соң бір жыл білім ордасында от жағушы болып жұмыс істеп, кейін азаматтық борышын өтеуге аттанады. Ресейдің Саратов облысында екі жыл құрылыс батальонында еңбек етіп, сантехник мамандығын меңгеріп оралады.

Әскерден кейін туған ауылына қайта оралған Дулат басқа жаққа кетуді ойламады. Оның бар тіршілігі – осы Аршаты, осы тау, осы дала. Алғашында мектепте, кейін орманшылықта, одан соң совхозда еңбек етеді. Бірақ тоқырау жылдары жұмыссыздық ауыл өмірін тұралатып, мүмкіндік азаяды. Сондай қиын кезеңде де ол мойымады.

2004 жылы өз күшімен жер алып, «Нұртілеу» шаруа қожалығын құрды. Бар болғаны 2-3 сиыр, он шақты қоймен бастаған шаруашылық бүгінде берекелі кәсіпке айналған. Қазір оның иелігінде 83 гектар жер бар, оның басым бөлігі – жайылым. Жайлауы – Секітас, қыстауы – Жаңатал. Табиғатпен тайталасып өмір сүріп келе жатқан малшының бір күні бір күнге ұқсамайды.

Дулат – жай ғана малшы емес, нағыз төзім иесі. Қыстың қақаған аязы мен жаздың аптабында қойын атпен бағып, тау-тасты кезіп жүреді. Тіпті шөпті де атпен шауып, бар тіршілікті қол күшімен атқарады. Қыстан малды аман алып шығу үшін 20 отаудай шөп дайындайды. Соның өзінде қойды көбіне тебіндетіп, табиғи жайылымға сүйенеді. Бұл – бүгінде сирек кездесетін тәсіл. Оралхан Бөкей әңгімелеріне арқау болған Құмарбек Жатағановтай Дулат ағамыз да Алтайдың жартас, қияларын еркін кезіп, аяғына тақа тағып, қой соңында жүрген жанкешті малшы. Табиғаттың тосын мінезіне мойымай, тау мен тасты тіршілігінің ажырамас бөлігіне айналдырған ол  —  көзге көп түсе бермейтін, бірақ шынайы еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген нағыз қайсар жанның бірі.

Қазір оның қорасында 200-ге жуық қой, 10-15 жылқы, он шақты сиыр бар. Жыл сайын 120-130 қозы алып отыр. Малын өткізетін тұрақты адамдары бар, сұраныс та жеткілікті. Бірақ ауылда мал бағудың қиындап бара жатқанын да жасырмайды.

Ең бастысы – Дулат ешқашан жеңіл жол іздемеген жан. 55 жасқа дейін өзі де, жұбайы да бірде-бір рет несие алмаған. Бар жетістік – адал еңбек пен маңдай тердің жемісі. Осы еңбектің арқасында төрт баласын оқытып, қатарға қосты. Бүгінде балалары әр салада еңбек етіп жүр: ұлдары Риддер қаласында, қыздары Өскеменде. Кенже қызы – болашақ эколог.

Жұбайы Әлия – өмірлік серігі ғана емес, тірліктегі тірегі. Екеуі бір мектепте оқып, бір ауылда өсіп, бүгінге дейін бірге еңбек етіп келеді.

Қала өмірі оған жат. «Қалаға барсам, екі-үш күннен кейін мал жаққа тартамын» дейді ол. Бұл — туған жерге деген шынайы байланыс.

Катонқарағай өңірінде қыста қойына шөп бермей, тебінмен аман алып шығатын Дулаттай малшы некенсаяқ.

Бәрін айт та бірін айт, Аршатының арда азаматы Дулат Оралғазин  —  бүгінгі ауыл тіршілігінің шынайы келбеті. Оның өмір жолы  —  қарапайым еңбек арқылы биікке жетудің, туған жерге адалдықтың  жарқын дәлелі.

Дулат ағамызбен болған жылы жүздесу көңілге ерекше әсер қалдырды. Қарапайым тірліктің қадірін ұқтырған сол бір сәттерден кейін, көлігіміздің басын кері бұрып, Аршатыға қарай жол тарттық. Алайда Алтайдың мінезі оңала қоймады – аспан түнеріп, жаңбыр сіркіреп, ызғырық жел әлі де тыншымай тұрды.

Жол бойы табиғаттың құбылмалы кейпі бізді үнсіз ойға жетелегендей. Тек Аршатыға іліге бере ғана жаңбыр саябырлап, желдің екпіні бәсеңдей бастады. Сапарлас болған Бейімбет ағамыз туған ауылында қалып, бізбен қош айтысты. Ал ауыл әкімі Марат Шарыпов бізді Өрелдегі көлігімізге дейін шығарып салып, сапарымызды сәтті аяқтауға себепші болды.

Осылайша, Аршатының асқар таулары мен адуынды табиғаты аясында өткен бір күн  —  еңбек адамының тағдырымен өріліп, көңіл төрінде ұзақ сақталатын естелікке айналды.

Тимур Смағұлов

Тегтер: F16ауыл шаруашылығыЕңбек адамыКатонқарағай ауданымалшыШекаралық аймақШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған