Өскеменде Үлбі өзеніне батып кеткен ер адамды іздеу жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды F16.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 3 мамыр күні Согра шағын ауданындағы Үлбі өзеніне барып, шомылған 23 жастағы екі жігіт суға батып кеткен.
Бір адамның мәйіті сол күні табылды. Ал екіншісінің денесін іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылды.
Ер адамның денесі 9 мамыр күні оқиға орнынан екі шақырым жердегі Степное ауылының маңынан табылды. Іздеу жұмыстары күн сайын дрондарды пайдалану арқылы жүргізілді, — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.




