F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Хантавирустың алдын алу жолдары қандай?

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
12.05.2026, 16:03
Жаңалықтар
Хантавирустың алдын алу жолдары қандай?

Фото: © freepik.com

Атлант мұхитындағы круиздік лайнерде тіркелген қауіпті инфекциядан кейін әлем жұртшылығы тағы да үреймен қарайтын болды. Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Жасұлан Алпысбаев хантавирустың қауіптілігі мен одан сақтанудың тиімді жолдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды F16.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Хантавирус — негізінен кеміргіштер арқылы тарайтын қауіпті дерт. Адам ағзасына вирус жұқтырған кеміргіштердің сілекейі, нәжісі сияқты бөлінділерімен тікелей байланысқанда жұғады. Сондай-ақ ауадағы шаң-тозаң бөлшектері арқылы да жұқтырып алу қауіпі бар.
Маманның айтуынша, бұл дертке қарсы вакцина жоқ, сондықтан басты назарды жеке гигиена мен сақтыққа аудару қажет.

Бұл вирус қызылша немесе коронавирус сияқты ауа-тамшы жолдарымен оңай таралмайды. Негізгі резервуары — кеміргіштер. Адамдар тышқандар өмір сүретін орындарда дем алғанда немесе солармен тікелей байланысқа түскенде инфекция өкпеге түсуі мүмкін, — деді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Жасұлан Алпысбаев.

Жасұлан Алпысбаев гигиена — ең басты сақтық шарасы екенін атап өтті.

Шетелге, әсіресе Оңтүстік Америка елдеріне экологиялық туризммен баратын азаматтар келесі қағидаларды қатаң сақтауы тиіс. Мысалы тамақ ішер алдында қолды мұқият жуып, жеке тазалықты сақтау керек. Көше тағамдарынан, стихиялық сауда орындарынан ас ішпеуге және тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалануға кеңес беремін. Сонымен қатар тышқандар көп шоғырланған мекендерге бармауға тырысу қажет. Егер экспедиция немесе арнайы жобамен бару қажет болса, міндетті түрде сақтық киімін және маска кию арқылы қорғана алады, — деп ескертеді ол.

Сапардан келген соң 7-ден 42 күнге дейін созылатын инкубациялық кезеңде бас ауруы, әлсіздік, тыныс тарылуы байқалса, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.

Дәрігерге барғанда қай елде болғаныңызды ашық айту өте маңызды. Хантавирустың алғашқы белгілері ЖРВИ-ге ұқсас болғандықтан, дәрігердің дұрыс протокол қолданып, шешім қабылдауына осы ақпарат көмектеседі, — деп түсіндірді маман.

Қазіргі уақытта еліміздің мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде бақылау шаралары күшейтілген. Шетелден келген туристер мен азаматтар арнайы құрылғылар арқылы тексеріледі. Егер адамда температура немесе ауру белгілері анықталса, тиісті алгоритм бойынша оқшаулау және емдеу шаралары жүргізіледі.

Тегтер: Денсаулық сақтау министрлігіхантавирус
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемендік алты жасар оқушы халықаралық олимпиаданың финалына шықты

Өскемендік алты жасар оқушы халықаралық олимпиаданың финалына шықты

19.10.2026, 16:25
ШҚО әкімі құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

ШҚО әкімі құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

19.10.2026, 15:47
ШҚО ТЖД маманы Президент қолынан марапат алды

ШҚО ТЖД маманы Президент қолынан марапат алды

19.10.2026, 15:06
Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

19.10.2026, 14:50

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемендік алты жасар оқушы халықаралық олимпиаданың финалына шықты

19.10.2026, 16:25

ШҚО әкімі құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

19.10.2026, 15:47

ШҚО ТЖД маманы Президент қолынан марапат алды

19.10.2026, 15:06

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

19.10.2026, 14:50

Есірткіге масаң күйде көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды – ШҚО

19.10.2026, 12:55

Катонқарағайда алғаш рет қар барысына спутниктік қарғыбау тағылды

19.10.2026, 12:49

Шығысқазақстандық семсерлесушілер әлемдік додада топ жарды

19.10.2026, 10:07

«Алтай» мен «Атырау» тең түсті: Өскемендік клуб Премьер-лигада қала ма?

19.10.2026, 09:59

Өскеменде айтыстың ақтаңгері Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті

19.10.2026, 09:29

ШҚО-да жыл басынан бері 490 жәрмеңке өткізілді

19.10.2026, 09:28

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған