1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мереке бүкіл әлемді бүлдіршіндердің құқықтарын қорғап, болашағына назар аударуға шақырады. Өскемендік «Белалекс» компаниясы мереке күні балаларға жақсы көңіл күй мен ерекше сый жасамақ, деп хабарлайды F16.kz.
1 маусым күні 14 жасқа дейінгі балалар (қоса алғанда) өзен трамвайларымен тегін серуен құра алады.
13 жасқа дейінгі балалар ересектермен отыруға міндетті. Өздеріңізбен бірге туу туралы куәлік болу қажет. Толығырақ ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшадан алуға болады. Сұрақтар мен билет брондау үшін: +7 777 955 0905 нөміріне хабарласыңыз немесе WhatsApp-қа жазыңыз, — делінген компания хабарламасында.




