F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениеті идеологиялық жаңғырудың іргетасына айналуға тиіс – депутаттық сауал

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
21.05.2026, 14:00
Жаңалықтар
«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениеті идеологиялық жаңғырудың іргетасына айналуға тиіс – депутаттық сауал

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Тілектес Адамбеков Премьер-министр Олжас Бектеновке «Таза Қазақстан» бастамасын одан әрі дамыту туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды F16.kz.

Депутат «Таза Қазақстан» бастамасын одан әрі дамыту мемлекеттік саясатты институционалдандыруға бағытталуы тиіс екенін айтты.

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы азаматтар арасында кең қолдау тауып, қоғамды қоршаған ортаға ұқыпты қарау идеясымен біріктірген ең маңызды қоғамдық жобалардың біріне айналды. Бүгінде бұл бастама бір реттік акция ретінде емес, жаңа экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастырудың маңызды элементі ретінде қабылдануда.

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының кіріспесінде табиғатты аялау қажеттігі атап енгізілген. Осы тұрғыда «Таза Қазақстан» бастамасы конституциялық реформаларды іске асырудың және табиғатқа жауапты көзқарасты қалыптастырудың маңызды құралына айналуда.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен экологиялық мәдениетті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында тұрақты даму, экологиялық жағдайды жақсарту, өмір сапасын арттыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде.

Осыған байланысты «Таза Қазақстан» бастамасын одан әрі дамыту мемлекеттік саясатты институционалдандыруға бағытталуы тиіс деп санаймын, — деді ол.

Сондай-ақ Тілектес Адамбеков «Таза Қазақстан» бастамасын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар ұсыныс айтып, оны тек экологиялық акция емес, жалпыұлттық деңгейдегі тұрақты қозғалысқа айналдыру керегін атап өтті.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, келесілерді қарастыруыңызды сұраймын:

  1. барлық саяси партияларға «Таза Қазақстан» қағидаты мен акциясын өздерінің негізгі саяси бағдарламалары мен жарғыларына енгізуді ұсынамын, себебі «Таза Қазақстан» қандай да бір саяси идеология болмасын, барлығын біріктіретін ортақ қағидат, құндылық болу керек;
  2. «Таза Қазақстан» идеясы-қағидаты қоғамды жұмылдыра алатын үлкен әлеуеті бар идея. Сондықтан жалпыұлттық қозғалыс немесе тұрақты түрде жұмыс жасайтын штаб құру керек;
  3. «Таза Қазақстан» акциясының жүзеге асырылуы бойынша ақпарат тарататын арнайы сайт, платформа және басқа да цифрлық ақпараттық платформалар құру керек;
  4. «Таза Қазақстан» акциясы бойынша жыл бойы іс-шаралар өтеді. Бірақ көзге түсетін негізгі шаралар көбіне көктем мен күзде ұйымдастырылады. Сондықтан басқа да жыл мезгілдерінде көзге көрінетін осындай негізгі жобаларды енгізу керек. Мысалы, қоқыс жинау немесе табиғи және тарихи орындарды түрлі жазулардан тазарту;
  5. су ресурстарын ұқыпты пайдалануды қамтамасыз ету. Мысалы, ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін жаңбыр суы мен еріген қар суын жинап, тазалап, сақтайтын арнайы резервуарлар мен су қоймалары жүйесін іске қосу арқылы.
  6. елді мекендер арасындағы жолдардың бойында көпжылдық ағаштардан «жасыл дәліздер» құру. Бұл қыс мезгілінде қар үйінділерінің пайда болуын азайтып, жолдардың жабылу жиілігі мен ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік береді.
Тегтер: депутатТаза Қазақстан
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған