Облыс орталығында шомылу маусымына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. 15 маусымнан бастап қалада суға шомылу маусымы ресми түрде ашылады. Өскемендік тұрғындар мен қонақтар қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған үш жағажайға барып, демала алады, деп хабарлайды F16.kz.
Айта кетейік, шомылу маусымы басталар алдында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары жағажайлардың суы мен топырағына зертханалық тексеру жүргізеді.
Мамандар жыл сайын Өскемендегі жағажайларға мониторинг жүргізеді. Қалада Солжағалау саябағы ауданында, «Самал» саябағында және Өскемен қаласы аумағында халықтың жаппай демалуына арналған 3 ресми шомылу орны белгіленген. Олар: Сол жағалау кешеніндегі жағажай; «Самал» саябағы аумағындағы жағажай және Ертіс өзенінің тармағындағы Кенсіз материалдар комбинаты ауданындағы қазаншұңқырлар. Жыл сайын мамыр айынан тамыз айының соңына дейін жағажайлардағы су мен топырақтан ай сайын сынамалар аламыз. Өткен жылғы зерттеу қорытындысы бойынша барлық көрсеткіштер гигиеналық талаптарға сай болды, тұрғындардан су мен құм сапасына қатысты шағым түскен жоқ, – дейді департамент өкілдері.
Қазіргі уақытта «Самал» саябағындағы жағажай мен Кенсіз материалдар комбинаты ауданындағы жағажайда дайындық және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер шомылу маусымы басталғанға жұмыстар аяқталмаса, ресми ашылудан кейін де жалғасады.




