28 мамыр күні Өскемен қаласында жүргізушілер арасында республикалық «Showmen Fest 2026» фестивалі өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Байқаудың мақсаты – конферанс өнерін насихаттау, іс-шара жүргізушілердің кәсіби деңгейін арттыру және талантты жүргізушілерді анықтап, қолдау көрсету.
Бағдарлама аясында қатысушыларға арнайы тапсырмалар беріледі және шығармашылығы, өнері бағаланады, — дейді ұйымдастырушылар.
Қатысушылардың өнерін бағалайтын қазылар алқасының құрамында танымал асабалар мен шоумендер, атап айтқанда Есқара Бейбітов, Жандарбек Бұлғаков, Сырым Әуезхан бар.
Байқау 28 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрында (Тохтарова, 47а) өтеді.




