Қазақстан Премьер-лигасының 12-туры аясында өскемендік «Altai» өз алаңында елордалық «Астананы» қабылдайды, деп хабарлайды F16.kz.
Ойын 27 мамыр, сәрсенбі күні сағат 16.00-де Өскеменнің «Восток» стадионында өтеді. Билет құны – 700 теңге.
Билеттерді Ticketon.kz сайтынан алуға болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарын жерлестерімізге қолдау көрсетуге шақырамыз. Сіздерді тартысты ойын мен ұмытылмас эмоциялар күтеді, — делінген хабарламада.




