Бүгін облыс орталығында ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
2 маусым күні Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




