Риддер қаласының 240 жылдық мерейтойы аясында «Риддер тарихи аспектілер аясында» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Бірнеше алаңда ұйымдастырылғаг конференция барысырда ғалымдар, профессорлар, зерттеушілер мен сарапшылар қаланың тарихы, оның қалыптасуы мен дамуы, мәдени мұрасы және болашақтағы даму перспективалары туралы ғылыми баяндамалар ұсынады.
Іс-шараға еліміздің түрлі өңірлерінен келген қонақтар, ғылыми қауымдастық өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, архив саласының мамандары және қоғам қайраткерлері қатысуда. Конференция барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, өлке тарихын зерттеу мен тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелерін талқыламақ.




