F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскеменде өзгеріс көп

Madina Kainarova Madina Kainarova
30.05.2026, 14:33
Жаңалықтар, Өскемен
Фото: Аяужан Утеулинова

Фото: Аяужан Утеулинова

Өскемен қаласында биыл инфрақұрылымды дамыту, жолдарды жаңарту және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қала әкімдігі тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырып жатыр.

Бұл жұмыстардың басым бөлігі халықпен кездесулер барысында көтерілген мәселелер негізінде қолға алынған деп хабарлайды F16.kz сайты.

Қала келбетін жақсарту мақсатында биыл Ө.скеменде 15 субұрқақ іске қосылды. Субұрқақтар жаз мезгілінде қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы демалыс ортасын қалыптастырып қана қоймай, шаһардың сәулеттік келбетін де айшықтай түсті. Сонымен қатар орталық алаңда жаңа жарық шамдары орнатылып, түнгі уақытта қауіпсіздік пен жайлылық деңгейі артты.

Көлік инфрақұрылымын жетілдіру бағытында да маңызды бастамалар қолға алынған. Соның бірі – Сол жағалау ауданындағы «Жаңа Өскемен» станциясында жолаушылар пойыздарының тоқтау мәселесі. Қазіргі уақытта қала әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы бұл бағытта бірлескен жұмыстар жүргізуде. Жоба жүзеге асқан жағдайда ЖМК және оған іргелес шағын аудандардың тұрғындары үшін қатынас айтарлықтай жеңілдей түспек.

Сондай-ақ вокзалға қатынауды жақсарту мақсатында Республика көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Жаңартылған жол көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Қаладағы жол сапасын жақсарту жұмыстары бірнеше ауданды қамтыды. Калинин көшесінде толық орташа жөндеу жүргізіліп, тұрғындардың көптен бері көтеріп жүрген мәселесі шешімін тапты. Нефтяная көшесінде де ұзындығы 1050 метр жолға орташа жөндеу жүргізіліп, жол жабыны жаңартылды.

Жалпы орташа жөндеудің бірінші кезеңі аясында жоспарланған 42 учаскенің 18-інде жұмыстар толық аяқталған. Тағы 11 учаскеде жөндеу жұмыстарының басым бөлігі орындалған. Бұл көрсеткіштер қаладағы жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Ахмер кентінде де ауқымды жұмыстар қолға алынған. Биыл мұнда алты көшені жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта Қайыңды, Шәмші Қалдаяқов, Еңбекші, Нұқаев және Қондыбаев көшелерінде асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды. Ал №49 мектептен Өскемен–Семей тасжолына шығатын көшеде жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жалпы жөнделіп жатқан жолдардың ұзындығы бес шақырымды құрайды.

Өскеменде тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Наурыз айында КШТ ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Жыланды ауданындағы көпірдің жағдайы көтерілген болатын. Осыдан кейін көпірге арнайы тексеру жүргізіліп, қажетті қалпына келтіру жұмыстары орындалды. Бүгінде нысан толық жөнделіп, тұрғындардың пайдалануына берілді.

Қаланы абаттандыру жұмыстарының маңызды бөлігі ретінде Шешек бұлағы аумағын ретке келтіру жоспарланған. Бұлақ көзі тазартылып, тұрғындардың таза ауыз су алуына қолайлы жағдай жасалады. Сонымен қатар қалаға кіреберістегі негізгі жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.

Коммуналдық қызметтердің жұмысы да тұрақты бақылауда. Қала әкімі орталық базар маңы мен Буров көшесін аралап, санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Қоқысты уақытылы шығару, көшелерді таза ұстау және қоғамдық орындарды күтіп ұстау бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берілген.

Тұрғындардың күнделікті тұрмысындағы маңызды мәселелердің бірі – автотұрақ тапшылығы. Осыған байланысты Буров көшесіндегі №37 және №39 тұрғын үйлердің аумағында қосымша автотұрақ орындары ұйымдастырылды. Биыл Өскеменде алғаш рет аулалық автотұрақтарды кеңейту жобасы іске асырылуда. Қазіргі таңда оның тиімділігі сараланып, тұрғындардың пікірлері ескерілуде.

Қала басшылығы тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп келеді. Кездесулер барысында көтерілген бірқатар мәселелер келесі жылы кезең-кезеңімен шешілмек. Сонымен қатар мердігер ұйымдарға аулаішілік жолдардағы шұңқырларды жөндеу тапсырылып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Жалпы алғанда, Өскеменде биыл жүзеге асырылып жатқан жобалар қала инфрақұрылымын жаңартуға, тұрғындардың қауіпсіздігі мен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған. Жол жөндеу, абаттандыру, қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту және көлік қатынасын жетілдіру бойынша қолға алынған жұмыстар қаланың тұрақты дамуына серпін беріп отыр.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған