ШҚО-да Жер комиссиясы Заңнама талаптарын бұза отырып азаматтарға жер учаскелерін беруден негізсіз бас тартқан. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті өңір тұрғындарының өтініштерін қарау барысында аталған Заң бұзушылықты анықтады.
Жыл басынан бастап Департаментпен 48 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Жұмыс мемлекеттік органдардың шешім қабылдауы кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және заңдылықтың сақталуын жүйелі бақылау шеңберінде жүргізіледі.
Мәселен, Маркакөл ауданында тұрғындар жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелерін беруден бас тартқаннан кейін шағымдармен жүгінді.
Жүргізілген тексеру Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларын өрескел бұзушылықтарын анықтады, атап айтқанда жер комиссиясы қажетті кворум болмаған жағдайда шешім қабылдағаны анықталды. Заңнамада комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісінің қатысуы көзделгеніне қарамастан, іс жүзінде отырысқа тоғыздан тек үш адам қатысқан.
Бұдан басқа, лауазымды тұлғалар өтініш берушілерге бас тарту алдында тыңдаудың міндетті рәсімін сақтамаған, бұл Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына қайшы келеді және азаматтардың өтініштерін объективті қарау құқығын бұзады.
Тексеру қорытындысы бойынша Департамент қабылданған шешімдерді қайта қарауды талап етті. Нәтижесінде азаматтардың құқықтары қалпына келтіріліп, өтініштер қайта қарауға жіберілді.
Осындай факт Катонқарағай ауданында да анықталды. Көрсетілетін қызметті алушыларғажерлердің бос еместігіне және жобалау жұмыстарының жүргізілуіне сілтеме жасай отырып, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелерін беруден бас тартылды. Алайда, тексеру бас тарту үшін жеткілікті негіздердің жоқтығын көрсетті.
Департаменттің араласуынан кейін шешім қайта қаралды, өтініш берушілер жер комиссиясының оң қорытындысын алды, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Анықталған фактілер жер саласындағы заңнаманың сақталуын тұрақты бақылаудың маңыздылығын көрсетеді. Бұзушылықтарға уақтылы ден қою азаматтардың құқықтарын қорғауға, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы
Е.М. Айқымбеков




