F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жергілікті тауар өндірушілер бір алаңда бас қосты — ШҚО

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
15.06.2026, 09:20
Жаңалықтар, Өскемен

Өскемен қаласындағы «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығында  «Қазақстанның үздік өнімі – 2026» және «Бір ауыл – бір өнім» көрме-байқаулары өтті, деп хабарлайды F16.kz.

Шығыс Қазақстан кәсіпкерлерінің үздік тауарлары мен өнімдері ұсынылған шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Бұл көрме – отандық кәсіпорындардың жетістіктерін кеңінен таныстыруға, сапалы өнімдерді өндіруші бағасымен ұсынуға, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға және өңірдің өндірістік әлеуетін дамытуға жол ашатын бірегей алаң. Отандық өнімдердің сапасын арттыру, олардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту және жергілікті тауар өндірушілерді қолдау – бұл шараның басты мақсаты. Бүгінгі көрмеге облысымыздың 100-ге жуық кәсіпкері қатысып, өз өнімдері мен жетістіктерін көпшілік назарына ұсынып отыр, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Аймақ басшысының айтуынша, өткен жылы өңірдің 7 кәсіпорны сапа мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы беделді республикалық байқауларда жоғары марапаттарға ие болды. Бұл Шығыс Қазақстан кәсіпкерлерінің жоғары кәсібилігінің, дамуға деген ұмтылысының және қызметін үздіксіз жетілдіруге деген талпынысының айқын дәлелі.

2025 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары атанған облыс кәсіпорындары қатарында «Үздік өндірістік мақсаттағы кәсіпорын» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған «Силумин-Восток» ЖШС және «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясында үздік деп танылған «Эмиль» ЖШС бар.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырып жатқан «Бір ауыл – бір өнім» жобасының өңірлік көрмесінде ШҚО-ның барлық дерлік аудандарынан келген 40-тан астам қатысушы өз өнімдерін ұсынды. Сараптамалық комиссия 20 жартылай финалисті іріктеп алады, олар өз жобаларын қорғауға ұсынады. Байқау қорытындысы бойынша гранттық конкурсқа қатысу мүмкіндігіне ие болатын және 5 миллион теңгеге дейін қаржыландыруға үміткер болатын 10 жеңімпаз анықталмақ.

Облыс әкімі көрмені аралап, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен танысып шықты. Бал және ара шаруашылығы өнімдері, дәрілік шөп шайлар, ұлттық аспаптар, киімдер мен аксессуарлар, киізден, жүннен және табиғи былғарыдан жасалған бұйымдар, тоқыма ойыншықтар, зергерлік бұйымдар, қымыз және сүт өнімдері, ағаштан жасалған бұйымдар мен үйге арналған декор заттар және басқа да түрлі тауарлар көптің назарына қойылды.

Тегтер: КәсіпкерлікШҚО әкімі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған