F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Самар ауданында аграрлық салаға қолдау көп

Madina Kainarova Madina Kainarova
15.06.2026, 17:38
Жаңалықтар, Самар

Самар ауданында ауыл шаруашылығы бизнесі мемлекет тарапынан елеулі қолдауға ие болып отыр.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, шаруа қожалықтарына, жеке қосалқы шаруашылықтарға және агроөнеркәсіптік кешенге даму бағытында көмек көрсетіледі, деп хабарлайды F16.kz сайты.

– Агроөнеркәсіп кешенін қолдау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен 744 миллион теңгеден астам қаржы бөлу қарастырылған. «Кең дала 2» бағдарламасы аясында, Аграрлық несие корпорациясы арқылы жалпы сомасы 739 миллион теңгеден асатын 13 өтінім қаржыландырылды. Ал «Іскер» бағдарламасы бойынша 5 миллион теңгеге бір өтінім қаржыландырылды, – дейді аудан әкімдігі.

Әкімдік мәліметінше, қазір ауданда аграрлық секторды дамытуға бағытталған бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Олардың қатарында, мал бордақылау алаңдарын ашу, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, құрама жем зауытын іске қосу, ірі қара мал сатып алу және қажетті инфрақұрылым салу бар.

– Ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы әрі толық көлемде аяқтады. Жанар-жағармай және тұқым материалдарымен қамтамасыз етілу деңгейі қажеттіліктің 100% құрады, – дейді әкімдікте.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды бағыттардың бірі – туризм. Жоспарда демалыс базалары мен коммерциялық нысандар салу көзделген. Инвестиция тарту мақсатында бұл саланы дамыту тұжырымдамасы әзірленіп, туризм және инвестициялар орталығы туристік базалардың, демалыс үйлерінің және туристік инфрақұрылым нысандарының орналасу сызбаларын қамтитын ақпараттық-картографиялық өнімдер дайындауда.

– Туристік қызмет сапасын арттыру үшін Миролюбовка ауылында санитарлық-гигиеналық торап салу жоспарланған. Нысан демалыс аймағына апаратын автожол бойында орналасады. Сонымен қатар, Кар-Тел АҚ-мен бірлесіп жағалау сызығы бойында сапалы мобильді байланысты қамтамасыз ету үшін антенналық-мачталық құрылыс орнатылды, – дейді аудан әкімдігі.

Білім беру саласында да өткен жылмен салыстырғанда оң өзгерістер байқалады. Мысалы, биыл «Алтын белгіге» үміткер тоғыз түлек бар. 2025 жылы олардың саны алтау болған. Ал үздік аттестатқа төрт оқушы үміткер болса, өткен жылы бір ғана оқушы болған.

– Биыл екі мектепті заманауи физика, химия, STEM және робототехника кабинеттерімен жабдықтау үшін материалдық-техникалық базаны нығайтуға 62 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. «1300 мектепті жаңғырту» жобасы аясында Самар орта мектебі №1-ге күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған, – деп хабарлады әкімдік.

Халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыру мақсатында ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты мониторинг жүргізілуде. Тоғыз мониторингтік топ үздіксіз жұмыс істейді. Олар апта сайын 69 сауда нысанындағы баға деңгейін тексереді.

– Жыл басынан бері барлық сауда нысандарымен бағаны тұрақтандыру жөнінде меморандумдар жасалды. Жеке кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» заңы талаптарына сәйкес жадынамалар табысталды, – дейді әкімдік өкілдері.

Халықты жұмыспен қамту да аудан билігінің басым міндеттерінің бірі болып қала бермек. Әкімдік мәліметіне сәйкес, биыл 516 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның ішінде 282-сі тұрақты, 234-і уақытша жұмыс орындары.

– Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына 337 адам жүгінді. Оның 218-і белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылды. Соның ішінде, 44 адам тұрақты жұмысқа, 128 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. 18 адам кәсіби оқуға жіберілсе, 17 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытудан өтті, – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Денсаулық сақтау саласында тұрғындарды тұрақты профилактикалық скринингтік тексерулерден өткізу жалғасуда. Қыс мезгілінде Миролюбовка ауылында фельдшерлік-амбулаториялық пункт пайдалануға берілді.

Сондай-ақ биыл «Көкпекті – Самарское – Васильевская өткелі» автожолының 120-150 шақырым аралығындағы учаскесіне орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.

Тұрғын үй құрылысы саласы да жоғары көрсеткіштер көрсетуде. Әкімдік мәліметінше, жартыжылдық қорытындысы бойынша пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 1200 шаршы метрден асады деп күтілуде. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім қарқыны 100% жоғары болады.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған